![background image](/i/hotpoint-ariston/156153/hotpoint-ariston-td-641-s/h/hotpoint-ariston-td-641-s-020.png)
20
KZ
Газ шүмегіне техникалық қызмет көрсету
Уақыт өте, шүмектер тығыздануы немесе оларды бұру
қиындауы мүмкін. Бұл жағдай орын алса, шүмекті
ауыстыру қажет.
!
Бұл рәсімді өндіруші өкілет берген білікті маман
орындауы тиіс.
Ақаулықтарды жою
Құрылғы дұрыс немесе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін.
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын не
істеуге болатынын тексеріңіз. Алдымен, газ бен тоқ
желілерде ешбір кедергі жоқ екенін және әсіресе
құбырдағы газ клапаны ашық екенін тексеріңіз.
Оттық жанбайды немесе оттық айналасындағы
жалын бір қалыпты емес.
Келесі жағдайларды тексеріңіз:
• Оттықтағы газ тесіктері бітелген.
• Оттықты құрайтын барлық қозғалмалы бөлшектер
дұрыс орнатылған.
• Құрылғы маңында азынақ бар.
Қауіпсіздік құралы бар модельдерде жалын өшіп
қалады.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
• Тұтқаны аяғына дейін бастыңыз.
• Қауіпсіздік құралын іске қосу үшін тұтқаны қажетті
уақыт басып тұрдыңыз.
• Қауіпсіздік құралына жақын жерлерде газ тесіктері
бітелмеген.
Ең төменгі позицияға бұрылғанда оттық жанып
тұрмайды.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
• Газ тесіктері бітелмеген.
• Құрылғы маңында азынақ жоқ.
• Ең төменгі параметр дұрыс реттелген.
Ыдыс тұрақсыз.
Төмендегі жағдайлардың орындалғанын тексеріңіз:
• Ыдыстың түбі жап-жалпақ.
• Ыдыс оттықтың ортасына дұрыс орналастырылған.
• Табаны тіреуіш торлар дұрыс орналастырылған.
195061786.12
03/2013 - XEROX FABRIANO