![background image](/i/indesit/122369/indesit-i6esh2e-w/h/indesit-i6esh2e-w-016.png)
16
KZ
!
Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық
кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда
құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану
туралы маңызды ақпараттар қамтылған.
!
Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану
нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса,
біреуге берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулар
онымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.
!
Құрылғыны берілген нұсқаулыққа сүйене отырып
білікті маман орнатуы қажет.
!
Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету
қажет болса, оны плитаны токтан ажыратқаннан
кейін орындау керек.
Орналастыру және түзулеу
!
Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын
шкафтардың қасына орнатуға болады.
!
Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға
жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (T 90°C)
жасалғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны дұрыс орнату үшін:
• Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз
(ваннаға қоймаңыз).
• Плита шкафтардан биік болса, құрылғыны олардан
кем дегенде 600 мм қашық орнату қажет.
• Плита қабырғаға
ілінетін шкафтың астына
орнатылса, осы шкаф пен
плита үстінің арасында
кем дегенде 420 мм
аралық болуы тиіс.
Қабырғаға ілінетін
шкафтар жанғыш
материалдан жасалған
болса, бұл аралықты
700 мм-ге дейін жеткізу
керек (
суретті қараңыз
).
• Плита артына немесе оның шеттеріне 200 мм-ден
жақын жерге перде ілмеңіз.
• Қалқалар қатысты пайдалану нұсқаулығындағы
нұсқауларға сәйкес орнатылуы тиіс.
Түзулеу
Құрылғыны түзулеу қажет
болса, плита түбінің әрбір
бұрышындағы орындарына
реттелетін аяқтарын бұраңыз
(
суретті қараңыз
).
Аяқтар плита түбінің астынғы
жағындағы тесіктерге
кигізіледі.
Токқа жалғау
Электр кабелін орнату
Контактілер тақтасын ашу үшін:
• Контактілер тақтасы қақпағының бүйір құлақшаларына
бұрауышты тығыңыз.
• Қақпақты ашу үшін
оны тартыңыз.
Кабельді орнату үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
• Кабель қысқышының бұрандасын және сым
контактісінің бұрандаларын босатыңыз.
!
Жалғастырғыштар зауытта 230 В бір фазалық
қосылымға алдын ала орнатылған (
суретті қараңыз
).
• Электр қосылымдарды суреттердегідей жасау үшін
қораптағы екі жалғастырғыштарды қолданыңыз
(
суретті қараңыз
- «P» әрпімен белгіленген).
Орнату
*
Тек белгілі үлгілерде болады.
N
L2
L1
L3
P
N
L
230V ~
H05RR-F 3x4 CEI-UNEL 35363
1
3
2
4
5
H05VV-F 3x4 CEI-UNEL 35746