![background image](/i/samsung/140362/samsung-rb38j7761sr/h/samsung-rb38j7761sr-128.png)
56 Kazakhstan
Ақау
лықты түз
ет
у
Ақаулықты түзету
АҚАУЛЫҚ
ШЕШІМІ
Құрылғы мүлде
жұмыс істемейді
немесе оның
температурасы
тым жоғары.
• Ашаның розеткаға дұрыс сұғылғанын тексеріңіз.
• Алдыңғы панельдегі температура тетігі дұрыс орынға қойылды ма?
• Құрылғы күннің сәулесі тура түсетін жерге немесе қызу көзіне жақын
қойылған жоқ па?
Егер солай болса, жақсы салқындата алмауы мүмкін. Күн сәулесі
тура түспейтін және қызу көздерінен алыс жерге қойыңыз.
• Құрылғының арт жағы қабырғаға тым жақын тұрған жоқ па?
Егер солай болса, жеткілікті деңгейде суыта алмауы мүмкін.
Қабырғадан қажетінше алыс қойыңыз.
• Тым көп тағам салынып, тағамдар желдеткіш саңылауды бітеп
тастаған жоқ па?
Тоңазытқыштың температурасын қажетті деңгейде ұстау үшін
тоңазытқышқа тым көп жылы тағам салмаңыз.
Тоңазытқыштағы
тағам мұздап
қалған.
• Алдыңғы панельдегі температура тетігі ең суық температурада
тұрған жоқ па?
• Бөлме температурасы тым төмен емес пе?
• Тоңазытқыштың ең суық бөлігіне, құрамында суы көп тағамды қойған
жоқсыз ба?
Әдеттен тыс
шуыл шығады.
• Құрылғының орнықты, тегіс еден үстіне қойылғанын тексеріңіз.
• Құрылғының арт жағы қабырғаға тым жақын тұрған жоқ па?
• Құрылғының астына немесе артына басқа зат түсіп кеткен жоқ па?
• Шуыл құрылғы компрессорынан шығып тұрған жоқ па?
• Құрылғының әр түрлі керек-жарақтары тартылып, кеңейген кезде
сыртылдаған дыбыс шығады.
Құрылғының
алдыңғы
бұрыштары мен
қабырғалары
жылы және
оларға конденсат
тұра бастады.
• Құрылғының алдыңғы бұрыштарында конденсат тұруға жол
бермейтін, қызуға төзімді түтіктер орнатылған. Бөлме температурасы
жоғарылаған кезде, бұл үнемі тиімді бола бермеуі мүмкін Дегенмен,
бұл қалыпты жағдай.
• Өте ылғалды ортада, ылғалды ауа құрылғының бетіне тиген кезде
құрылғының сыртында конденсат пайда болуы мүмкін.
Құрылғы ішінде
сұйықтың
көпіршігені
естіледі.
• Бұл құрылғының ішін салқындататын тоңазытқыш сұйық.