![background image](/i/samsung/140362/samsung-rb38j7761sr/h/samsung-rb38j7761sr-082.png)
10 Kazakhstan
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
-
Себебі өрт шығуы немесе жарылыс шығуы мүмкін.
• Фармацевтикалық өнімдерді, ғылыми материалдарды немесе температураға
сезімтал заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
-
Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді тоңазытқышта
сақтамаңыз.
• Тоңазытқыш/мұздатқыштың ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр
құрылғыларын қоюға немесе қолдануға болмайды.
• Егер фармацевтикалық заттың немесе түтіннің иісін сезсеңіз, қуат
ашасын дереу ағытып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алыңыз да, Samsung
Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
-
Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
• Егер газдың жылыстап шыққанын байқасаңыз, ашық от көзінен немесе басқа
да тұтандыруы мүмкін заттарды алыс ұстаңыз да, құрылғы тұрған бөлмені
бірнеше минут желдетіңіз.
• Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа
механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.
• Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.
• Құрылғының бетіне құрт-құмырысқа жойғыш тәрізді ұшқыш спрейді
шашпаңыз.
-
Адамдарға зиянды болып ғана қоймай, электр, өрт қатерін тудыруы немесе
құрылғыға зақым келтіруі мүмкін.
• Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз.
Тоңазытқыштың ішіне жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шамды
қоймаңыз.
-
Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Су сауытын, мұз науасын және мұз текшелері науасын ауыз суымен ғана
(минералды немесе тазартылған сумен) толтырыңыз.
-
Сауытқа шай, сок немесе энергетикалық сусын құймаңыз, себебі
мұздатқышқа зақым келуі мүмкін.
• Тоңазытқыштың есігіне немесе жәшіктеріне отыруға немесе асылуға
болмайды.