![background image](/i/samsung/140362/samsung-rb38j7761sr/h/samsung-rb38j7761sr-090.png)
18 Kazakhstan
Тоңа
зытқыш параме
тр
лерін орнат
у
Тоңазытқыш параметрлерін орнату
Тоңазытқыш параметрлерін орнату
Samsung тоңазытқышын сатып алғаныңызбен
құттықтаймыз.
Осы құрылғы ұсынатын соңғы заманғы
функциялар мен мүмкіндіктерді рахаттана
қолданасыз деп үміттенеміз.
• Бұл тоңазытқышты қолданар алдында,
нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге
орналастыру керек.
• Құрылғыны тек осы пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана
қолданыңыз.
• Кез келген жөндеу жұмысын тек білікті
маман орындауға тиіс екенін қатаң түрде
ұсынамыз.
• Осы құрылғының орам материалдарын
қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп
тастау керек.
Тоңазытқышты орнатуға ең қолайлы
жерді таңдау
• Күн сәулесі тура түспейтін жерді таңдаңыз.
• Едені тегіс (не барынша тегіс дерлік) жерді
таңдаңыз.
• Тоңазытқыштың есіктерін оңай ашуға
болатын кеңірек жерді таңдау керек.
• Тоңазытқышты жеткілікті орын шығарып,
тегіс жерге орнату керек.
-
Егер тоңазытқыш деңгейі дұрыс
орнатылмаса, ішкі салқындату жүйесі
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
-
Пайдалану үшін қажетті жалпы орын.
Төмендегі сызба мен өлшемдерді қараңыз.