![background image](/i/samsung/140362/samsung-rb38j7761sr/h/samsung-rb38j7761sr-088.png)
16 Kazakhstan
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
ұстаңыз, себебі орам материалдары балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.
-
Егер бала дорбаны басына киіп алса, тұншығып қалуы мүмкін.
Құрылғыны тиісті түрде қолдануға қосымша кеңес
• Тоқ өшіп қалған жағдайда, жергілікті электр қуатымен жабдықтау
компаниясына телефон соғып, тоқ қанша уақыттан кейін қосылатынын
сұраңыз.
-
Сөніп қалған тоқ бір немесе екі сағат ішінде қалпына келсе, тоңазытқыш
температурасына әсер етпейді.
Дегенмен, тоқ сөніп тұрған кезде тоңазытқыштың есігін барынша аз ашу
керек.
-
Тоқ 24 сағаттан көп сөнетін жағдайда, мұздатылған тағамдардың барлығын
алыңыз.
• Құрылғыны температурасы осы құрылғы үшін арнайы көрсетілген төмен
температура ауқымынан төмен жерге ұзақ уақыт қойғанда (тағамдар жібіп
кетуі немесе мұздатылған тағам салынатын бөліктегі температура тым жылы
болып кетуі мүмкін) тұрақты жұмыс істемеуі мүмкін.
• Тағамдардың кей түрлерін тоңазытып сақтаған кезде, тағам сапасына қарай
дұрыс сақталмауы мүмкін.
• Құрылғыңызға мұз қатпайды, басқаша айтқанда, мұзды қолдан жібітудің
қажеті жоқ, себебі бұл автоматты түрде орындалады.
• Жібіту кезінде температураның жоғарылауы ISO талаптарына сай келеді.
Бірақ құрылғыны жібіту барысында тоңазытқыш ішіндегі мұздатылған тағам
температурасының жоғарылап кетуін қаламасаңыз, мұздатылған тағамды
бірнеше қабат газетке ораңыз.
• Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
• Құрылғыны салқын, құрғақ, жеткілікті түрде желдетілетін жерге орнатыңыз.
Оны күн сәулесі тура түсетін жерден және қызу көздерінен (мысалы, батарея)
алыс қойыңыз.
• Қуатты пайдалану тиімділігін сақтау үшін саңылаулар мен торларды бітемеуді
ұсынамыз.