![background image](/i/vitek/155524/vitek-vt-4216-cm/h/vitek-vt-4216-cm-023.png)
23
ҚазаҚша
ашадан ұстап, оны абайлап розеткадан
суырыңыз.
• «Фондю» және «Қуыру» бағдарламаларынан
басқа жұмыстар кезінде құрылғы қақпағын
ашық күйінде қалдырмаңыз.
• Жарақаттанудың алдын алу үшін бу шығатын
саңылаулар мен мультипісіргіш қақпағы ашық
болған кезде тостаған үстінде еңкеймеңіз.
• Мультипісіргіш
жұмысының
барысында
қақпақ бетіне жанаспаңыз, қақпақты алдын
ала қақпақты ашу батырмасын басу арқылы
тұтақадан ұтсап ашыңыз.
• Ыстық суға күйіп қалудың алдын алу үшін
мультипісіргіш қақпағын ашқан кезде аса сақ
болыңыз.
• Бу клапанын таза күйінде күтіңіз, ластанған
жағдайда оларды тазартыңыз.
• Аспапты тостаған мен бу клапаны орнатылмаған
жағдайда қолдануға қатаң тыйым салынады,
сонымен қатар мультипісіргішті тағам
дайындауға арналған тостағанда тағамдар
мен сұйықтықтың жеткілікті мөлшері болмаған
жағдайда қосуға тыйым салынады.
• Құрғақ тағамдар мен сұйықтықтардың мөлшері
жөніндегі ұсыныстарды сақтаңыз.
•
Назар аударыңыз!
Тағамдарды буда
дайындаған кезде тостағандағы сұйықтық
деңгейін қадағалаңыз, қажет кезде тостағанға
су құйып отырыңыз. Құрылғыны қараусыз
қалдырмаңыз!
• Мультипісіргішті қақпақтың ішкі жағындағы
силиконды төсеме зақымдалған жағдайда
қолдануға тыйым салынады.
• Тостағанды құрылғы жұмысының барысында
алып шықпаңыз.
• Мультипісіргішті жұмыс барысында жаппаңыз.
• Құрылғыны жұмыс барысында тасымалдауға
тыйым салынады. Құрылғыны алдын ала
электр желісінен сөндіріп, тағамдар салынған
тостағанды алып шығып және құрылғы
салқындағанша күтіп, қақпақтағы тұтқаны
қолданыңыз.
• Жұмыс кезінде қақпақ, тағамдар дайындауға
арналған тостаған, сонымен қатар корпус
бөлшектері қатты қызады, оларға жанаспаңыз.
Ыстық тостағанды алдын ала ас үйлік қолғапты
киіп шығарыңыз.
• Аспапты үнемі тазартып отырыңыз.
• Аспапты бөлмеден тыс қолдануға тыйым
салынады.
• Балаларға аспап корпусына және желілік сымға
жұмыс барысында жанасуға рұқсат бермеңіз.
• Аталған құрылғы 8 жастан кіші балалармен
қолдануға арналмаған
• Аталған аспап физикалық, жүйке, психикалық
бұзушылықтары бар немесе тәжірибесі мен
білімдері жеткіліксіз адамдармен (соның
ішінде 8 жастан асқан балалармен) қолдануға
арналмаған. Мұндай тұлғалармен қолдануға
оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану және
оны дұрыс пайдаланбаған жағдайда туындауы
мүмкін қауіптер туралы сәйкес және түсінікті
нұсқаулықтар берілген жағдайда, олар олардың
қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның қарауында
болған кезде рұқсат етіледі.
• Аспаптың ойыншық ретінде қолданылуына жол
бермеу үшін балаларды қадағалаңыз.
• Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қаптама ретінде қолданылатын полиэтилен
пакеттерді қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз!
Балаларға полиэтилен
пакеттермен немесе қаптама қабықшасымен
ойнауға рұқсат бермеңіз.
Тұңшығу қаупі бар!
• Зақымданудың алдын алу үшін құрылғыны тек
зауыттық қаптамада тасымалдаңыз.
• Құрылғыны желілік сым немесе желілік аша
зақымдалған кезде, құрылғы үзілістермен
жұмыс жасаған жағдайда, сонымен қатар
құрылғы құлағаннан кейін қолдануға тыйым
салынады. Құрылғыны өздігінен жөндеуге
тырыспаңыз. Барлық жөндеу мәселелері
бойынша авторландырылған (өкілетті) сервис
орталығына жүгініңіз.
• Құрылғыны балалар мен мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін құрғақ салқын
жерде сақтаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ҚОЛДАНЫСҚА
АРНАЛҒАН
ТОСТАҒАНДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ (12)
Құрылғыны және оның бөлшектерін тек
тағайындалуы бойынша қолданыңыз. Тағамдар
дайындауға арналған тостағанды қыздырғыш
элементтерге немесе пісіру беттеріне орнатып,
пайдалануға тыйым салынады.
• Тостағанды басқа ыдыспен алмастырмаңыз.
• Қыздырғыш элементтің (10) беті мен тостаған
түбінің әрқашан таза және құрғақ болуын
қадағалаңыз.
• Тостағанды
тағамдарды
араластыруға
арналған ыдыс ретінде қолданбаңыз. Күюге
қарсы жабынның зақымдануына жол бермеу
үшін тағамдарды тікелей тостағанда ұсақтауға
болмайды.
• Ешқашан тостағанда қандай да бір бөгде
заттарды қалдырмаңыз және сақтамаңыз.
• Тостағанда тағамдар дайындаған кезде
оларды тек пластикті шөмішпен (18) немесе
қалақшамен (19) араластырыңыз .
• Тостағанның күюге қарсы жабынын жырып кетуі
мүмкін металл заттарды қолданбаңыз.
VT-4216.indd 23
18.12.2013 10:15:50