![background image](/i/hansa/80601/hansa-fcew53041/h/hansa-fcew53041-026.png)
26
ҚҰРАСТЫРУ
Ас үй плитасын орнату
Ас үй жай құрғақ және жақсы желденетін
болуы, сонымен бірге ақаусыз желдету
-
ге ие болуы тиіс, ал плитаның орнатылуы
басқарудың барлық элементтеріне еркін қол
жетімділікті қарастыруы тиіс.
Плита Y класының құрастырылымына ие,
яғни бір жағынан жоғары жиһазбен немесе
қабырғамен жабылуы мүмкін. Кіріктірілетін
жиһаз қаптамаға және 100°C температураға
тұрақты оны желімдеуге арналған желімге
ие болуы тиіс. Бұл шарттың орындалмауы
үстіңгі беттің түр өзгертуіне немесе қаптама
материалдың желімсізденуіне алып келуі
мүмкін.
Плитаны қатты, тегіс еденге (тіреуге орнатуға
болмайды) орнату қажет.
Созуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
келтірілген нұсқауларға сәйкес құрастыру
қажет.
Пайдалануды бастамас бұрын көлденең
жазықтықта теңестіру қажет, бұл табада
майдың тең таралуы үшін өте маңызды.
Бұл үшін жәшікті алдын ала жылжытып рет
-
теу аяқтарын қолданыңыз. Реттеу диапазо
-
ны +/-5мм.
Плитаны электрөткізгішке қосу
Назар аударыңыз!
Өткізгішке қосуды тиісті рұқсаты бар құрастыру
жөніндегі білікті маман орындай алады.
Электрөткізгішке өз бетімен қайта икемдеу не
-
месе өзгеріс жасауға тыйым салынады.
Құрастыру
жөніндегі
маманға
арналған
нұсқаулық.
Плита айнымалы үшфазалы тоқ қорегіне есеп
-
телген (400В 3N~50Гц). Қыздыру элементтерінің
номиналды кернеуі 230 В құрайды. Плитаны
бірфазалы тоқпен (230 В) қоректендіру үшін ау
-
ыстырып қосу қоса берілген қосылыс сызбасы
-
на сәйкес қосу панеліне жалғастыра орнатумен
жүзеге асырылады.
Қосылыс сызбасы плитаның тарату қалқанымен
қатар тұрады. Қалқанға бекіткішін бұрауышпен
бұрап алып, тысын алып тастағаннан кейін
қол жеткізуге болады. Қосқыш кабельді дұрыс
таңдауды есте сақтау, плитаның қосылу типі мен
номиналды қуатын ескеру керек. Жалғастырғыш
кабельді тартып бекіткен жөн.
Назар аударыңыз!
Нөлдік тізбекті тарату қалқанындағы
(«жерге қосу») символымен белгіленген
қысқышқа қосу туралы есте сақтау керек.
Плитаға қорек беретін электрөткізгіштің апаттық
жағдай туындаған кезде тоқ беруді үзуге
мүмкіндік беретін қорғаныс сөндіргіші болуы
тиіс. Қорғаныс сөндіргішінің жұмыс түйісулерінің
арақашықтығы кем дегенде 3 мм құрауы тиіс.
Сызбада көрсетілгеннен өзгешеленетін қосылу
тәсілі плитаның сынуына әкелуі мүмкін.
Cyp. 4b