6
KZ
●
Жұмыртқаны микротолқынды пеште қабығы аршылмаған, бітеулей пісірілген
жұмыртқаны қыздыруға болмайды, себебі олар микротолқынмен қыздырып
болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін .
Сонымен қатар тұмшаланып жабылған немесе вакуум шөлмектерді, банкаларды,
сауттарды, қабығы аршылмаған жаңғақтарды, қызанақтарды т .с .с . қыздырмаңыз .
●
Пешті мезгіл-мезгіл тазалап, тағамның қалдықтарын алып отыру керек;
●
Пешті таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, нәтижесінде оның қолданыс
мерзіміне әсер етуі немесе қатерлі жағдайларға әкелуі мүмкін .
●
Желдеткіш саңылауларды шүберекпен немесе қағазбен
БІТЕМЕҢІЗ
. Пештен
ыстық ауа шығатындықтан, бұндай заттар өртенуі мүмкін .
Пеш қатты қызып, автоматты түрде сөніп қалуы мүмкін . Әбден суығанша іске қосу
мүмкін болмайды .
●
Байқаусызда күйіп қалмас үшін, тағамды пештен алар кезде
ӘРҚАШАН
пешке
арналған қолғапты қолданыңыз .
●
Пештің қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі қабырғасына ешқашан пеш
суығанша
ҚОЛ ТИГІЗБЕҢІЗ
.
●
Қорек сымы немесе ашасын суға батырмаңыз, қорек сымын заттың қызып тұрған
беттерінен алыс ұстаңыз .
Қорек сымы немесе ашасы бүлінген құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз .
●
Пештің есігін ашқан кезде, одан кем дегенде шынтақтың ұзындығындай
қашықтықта тұрыңыз .
Себебі
Пештен шыққан ыстық ауа немесе бу шарпып кетуі мүмкін .
●
Құрылғы жұмыс жасап тұрған кезде сырт-сырт еткен дыбыс естілуі мүмкін (әсіресе,
пеште тағам жібіту функциясы орындалып тұрса) .
Себебі
Бұл электр қуатының шығыс мөлшері өзгерген кезде шығатын қалыпты
дыбыс .
●
Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан іске қоспаңыз . Қауіпсіздікті қамтамасыз
ету үшін электр қуаты автоматты түрде тоқтатылады . Шамамен 30 минуттай қоя
тұрғаннан кейін іске қоса беруіңізге болады . Пештің ішінде әрқашан бір стакан су
тұрғаны дұрыс . Пеш байқаусызда қосылып кетсе, су микротолқын қуатын сіңіреді .
Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұматтар (Жалғасы)
FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 6
10/09/2012 14:31:21