46
KZ
Микротолқынды пешті тазалау
Май немесе тағам қалдықтары жиналып қалмас үшін пешті мезгіл-
мезгіл тазалаңыз, әсіресе ішкі және сыртқы бетін, есігі мен есігінің
тығыздағыштарын тазалаңыз.
1.
Сыртқы беттерін жұмсақ шүберекпен, жылы әрі сабынды сумен жуыңыз . Шайыңыз да,
құрғатыңыз .
2.
Пештің ішіндегі қалдықтар мен дақтарды сабынды суға батырылған шүберекпен
тазалаңыз . Шайыңыз да, құрғатыңыз .
3.
Қатып қалған тағам қалдықтарын жұмсартып, жағымсыз иісті кетіру үшін бір кесе
сұйылтылған лимон шырынын бос тұрған пештің табанына қойыңыз да, қуатты ең
үлкен мәнге қойып он минут қыздырыңыз .
4.
Пештің ішін жуыңыз .
Маңызды
● Саңылауларға су КІРІП КЕТПЕС үшін ерекше сақ болыңыз .
● Жеміргіш заттар немесе химиялық еріткіштерді ЕШҚАШАН қолданбаңыз .
● Есіктің тығыздағыштарына қоқыс жиналып, дұрыс жабылмай қалмас үшін, есік
тығыздағыштарының ӘРҚАШАН таза болуын қамтамасыз етіңіз .
Микротолқынды пешті сақтау және жөндеу
Жөндеу жұмыстарын тек білікті қызмет көрсету технигі жүзеге
асыруға тиіс.
Пешке күтім көрсету қажет болса, пешті электр желісінен ағытып
алыңыз да, жақын жердегі Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде төмендегі ақпараттар
даяр тұрсын:
●
Үлгі және сериялық нөмірі (Пештің арт жағынан табуға болады).
●
Кепілдікке қатысты егжей-тегжейлер
●
Ақаулықтың қысқа да нұсқа сипаттамасы
Пешті уақытша сақтап қою қажет болса оны, шаң мен ылғал
құрылғыны бүлдірмес үшін таза, құрғақ жерге қойыңыз.
FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 46
10/09/2012 14:31:31