40
KZ
Микротолқын режимін қолдану (Жалғасы)
СҰЙЫҚ ТАҒАМДАРДЫ ҚЫЗДЫРУ
Сұйықтарды қыздырған кезде өте абай болыңыз . Қатты қайнап тасып төгіліп кетпес үшін
сусынға қасық немесе шыны таяқша салыңыз . Қыздырып жатқанда және қыздырып
болғаннан кейін де әрқашан араластырыңыз . Температура тағам бойына біркелкі тарау
үшін пешті сөндіргеннен кейін тағамды кем дегенде 20 секунд қоя тұрыңыз .
БАЛАНЫҢ ТАҒАМЫН ҚЫЗДЫРУ
Баланың тағамы
Баланың тағамдарын қыздырған кезде әсіресе өте абай болу керек . Тағамды терең
керамика табаққа салыңыз . Пластик қақпақпен жабыңыз . Қыздырып болғаннан
кейін жақсылап араластырыңыз . Берердің алдында 2 - 3 минут қоя тұрыңыз . Қайта
араластырыңыз, температурасын тексеріңіз . Үстелге тартар кезде температурасы
30 - 40 °C аралығында болу ұсынылады .
Баланың сүті
Сүтті зарарсыздандырылған шыны бөтелкеге құйыңыз . Бетін жаппай қыздырыңыз .
Баланың шөлмегін ешқашан еміздігін алмай қыздырмаңыз, себебі қатты қызған шөлмек
жарылып кетуі мүмкін . Жақсылап шайқаңыз да, қоя тұрыңыз, берердің алдында қайта
шайқаңыз . Балаға беретін сүттің немесе тағамның температурасын әрқашан мұқият
тексеріңіз . Үстелге тартар кезде температурасы 37 °C болу ұсынылады .
ЖІБІТУ
Микротолқындар мұздатылған тағамды жібітуге тамаша жарайды . Микротолқындар
мұздатылған тағамдарды аз уақыт ішінде баппен жібітеді . Бұл күтпеген жерде қонақ келе
қалған жағдайда, сізге үлкен көмек болуы мүмкін .
Мұздатылған құс етін әбден жібітіп барып пісіру қажет . Металл сымдары болса алып,
орамынан шығарып, аққан сұйықты сорғытыңыз .
Мұздатылған тағамды ыдысқа салыңыз, қақпақ жаппаңыз . Орта шегіне келгенде
аударыңыз, сұйығы болса дереу ағызыңыз .
Тағамды жиі-жиі тексеріп, жылып кетпегеніне көз жеткізіңіз .
Мұздаған тағамның кішкене және жұқа бөліктері қыза бастаса, оларды кішкене алюминий
фольгадан жасалған таспамен орап қоюға болады .
Құс етінің сыртқы жағы жыли бастаса,
ТОҚТАТУ/БОЛДЫРМАУ
түймешігін басып
20 минут күте тұрып, содан кейін жалғастырыңыз .
Балық, ет және құс етін әбден жібіту үшін қоя тұрыңыз .
Тағамды әбден жібітуге қажетті уақыт, жібітілетін тағамның мөлшеріне қарай әртүрлі
болады . Келесі беттегі кестеге қараңыз .
Кеңес
Жалпақ тағам қалың тағамға қарағанда, аз мөлшердегі тағам, көп
мөлшердегі тағамдарға қарағанда тез жібиді . Тағамды мұздату мен жібіту
кезінде осы кеңесті есте ұстаңыз .
Температурасы шамамен -18-ден -20 °C дейінгі мұздатылған тағамдарды жібіту үшін
төмендегі кестеге сүйеніңіз .
FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 40
10/09/2012 14:31:29