39
KZ
Микротолқын режимін қолдану (Жалғасы)
КҮРІШ ЖӘНЕ МАКАРОН ПІСІРУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС
Күріш
Қақпағы бар, үлкен шыны пирекс ыдысын қолданыңыз . (Күріш пісіріп
жатқанда екі есеге өсетінін ескеріңіз) . Бетін жауып пісіріңіз . Пісіру уақыты
аяқталғаннан кейін, қоя тұрардың алдында араластырыңыз . Тұз, шөп
және сары май қосыңыз . Күріш пісіріп болғаннан кейін судың барлығын
сіңірмеуі мүмкін екенін ескеріңіз .
Макарон
Үлкен шыны пирекс шыныаяғын қолданыңыз . Қайнаған судан құйыңыз,
бір шөкім тұз салып, жақсылап араластырыңыз . Бетін жаппай пісіріңіз .
Пісіріп жатқанда, пісіріп болғаннан кейін ара-тұра араластырыңыз . Бетін
жауып қоя тұрыңыз, содан кейін суын әбден сорғытыңыз .
Тағам
Мөлшері
(г)
Қуат
(Вт)
Уақыт
(мин)
Қоя тұру
уақыты (мин)
Нұсқаулар
Ақ күріш
(буға ұсталған)
250
375
900
15 - 16
17½ - 18½
5
500 мл суық су қосыңыз .
750 мл суық су қосыңыз
Қоңыр күріш
(буға ұсталған)
250
375
900
20 - 21
22 - 23
5
500 мл суық су қосыңыз .
750 мл суық су қосыңыз
Аралас күріш
(кәдімгі + жабайы
күріш)
250
900
16 - 17
5
500 мл суық су қосыңыз .
Аралас жүгері
(күріш + дән)
250
900
17 - 18
5
400 мл суық су қосыңыз .
Макарон
250
900
10 - 11
5
1000 мл ыстық су
қосыңыз .
ҚЫЗДЫРУ
Микротолқынды пеш тағамды әдеттегі конвекция пешінде жұмсалатын уақыттың аз
мөлшерін ғана пайдаланып тағамды лезде қыздырады .
Орналастыру және бетін жабу
Еттің үлкен кесегі тәрізді үлкен тағамдарды қыздырмаңыз, себебі олардың ішкі жағы
піскенше сырты қатты пісіп, кебірсіп қалуы мүмкін . Тағамның кішкене кесектерін пісірген
кезде нәтижесі барынша жақсы болады . Тағамның бетін жауып қыздырсаңыз, кеуіп
кетуіне жол бермейсіз .
Қуат деңгейлері
Тағамды қыздыру үшін әр түрлі қуат деңгейлерін қолдануға болады .
Жалпы алғанда, көп мөлшердегі баппен пісірілетін тағам немесе жылдам қызатын бәліш
тәрізді тағамдар үшін төмендеу қуат деңгейін қолданыңыз .
Араластыру
Жақсылап араластырыңыз немесе қыздырып жатқан кезде аударыңыз . Мүмкін
болса, үстелге қоярдың алдында тағы да араластырыңыз . Әсіресе сұйық тағамдарды
араластырып қыздырған өте маңызды .
Қыздыру және қоя тұру уақыттары
Тағамды алғаш рет қыздырғанда, сол уақытты бұдан кейін қажет кезде қарап жүру үшін
жазып қойған дұрыс . Қатты қыздырып жібермеңіз . Егер нақты білмесеңіз, пісіру уақытын
азырақ етіп алыңыз . Содан кейін, қажет болса қосымша қыздыру уақытын қосуға болады .
Қыздырылған тағамның әрқашан ыстық буы бұрқырап тұрғанына көз жеткізіңіз . Тағамды
қыздырып болғаннан кейін, тағам бойындағы температура біркелкі таралу үшін біраз
уақыт қоя тұрыңыз . Қыздырып болғаннан кейін 2-4 минут қоя тұруды ұсынамыз .
FQ315S002-BWT-03209N-02_KZ.indd 39
10/09/2012 14:31:29