Инструкция для THERMEX CHAMPION ER 80Н

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

Сақтандыру клапанын (

17

) салқын су кірісінде (

21

) орнатыңыз – көк сақиналы келте құбыр 3,5 - 4 

айналымға,  осылайша  кез  келген  тығыздағыш  материалмен  (зығыр,  ФУМ  таспасы  жəне  т.б.) 
қосылыстың саңылаусыздығы қамтамасыз етіледі.
Сақтандырғыш клапан су құбырының желісінде қысым түскен жағдайда жəне су қатты қызған кезде 
бакта  қысым  артқан  жағдайда  су  жылытқыштан  су  құбырының  желісіне  судың  түсуіне  кедергі 
келтіріп,  кері  клапан  функцияларын,  сонымен  қатар  су  қатты  қызған  кезде  бакта  қысым  артқан 
жағдайда  артық  қысымды  босатып,  қорғаныс  клапанының  функцияларын  орындайды.  Су 
жылытқыш  жұмыс  жасаған  кезде  артық  қысымды  босату  үшін  су  сақтандырғыш  клапанның  (

19

шығрау түтігінен  жылыстауы мүмкін, бұл су жылытқыштың қауіпсіздігі мақсатында жүргізіледі. Бұл 
шығару түтігі атмосфера үшін ашық болып қалу керек жəне үнемі төмен жəне мұздатылмайтын 
қоршаған ортада орнатылу керек.

НАЗАР  АУДАРЫҢЫЗ!  ЭВН  сақтандыру  клапанысыз  пайдалануға  немесе  басқа 
өндірушілердің клапандарын қолдануға тыйым салынады  

ЭВН  құрастырған  кезде  сəйкес  дренажды  (

20

)  қарастырып,  судың  сақтандырғыш  клапанның 

шығару түтігінен канализацияға шығарылуын қамтамасыз ету керек.

Ізбесті қалдықтарды жою үшін жəне клапанның жұмысқа қабілеттілігін тексеру үшін жүйелі 
түрде  (кем  дегенде  айына  бір  рет)  судың  шамалы  мөлшерінің  сақтандырғыш  клапанның 
шығару түтігі арқылы канализацияға ағызылуын жүргізу керек.

Тұтқа (

18

) клапанды (

17

) ашуға арналған. Су жылытқыштың жұмысы кезінде осы тұтқаның бактан 

судың ағызылуын жабатын қалыпта орналасқандығын қадағалаңыз.  

Су құбырының жүйесіне жалғау максималды жұмыс қысымы кезінде 100°С дейінгі температураға 
есептелген,  мыс,  пластмасса  түтіктер  немесе  арнайы  иілгіш  сантехникалық  желі  көмегімен  1 
суретке  сəйкес  жүргізіледі.  Қолданыста  болған  иілгіш  желіні  қолдануға  тыйым  салынады. 
Құрастыру  кезінде  келте  құбырлар  бұрандаларының,  ішкі  бактың  шыны-фарфорлы  жабынының 
зақымдануының алдын алу үшін шамадан тыс күш түсіруге жол берілмейді.   

ЭВН жалғағаннан кейін, ЭВН салқын суға арналған ысырмалы вентильдің (

24

) ашық екендігіне, ал 

ЭВН ыстық суға арналған ысырмалы вентильдің (

25

) жабық екендігіне көз жеткізіңіз. ЭВН-нан судың 

шығарылуын  қамтамасыз  ету  үшін,  ЭВН-ғы  салқын  су  жеткізу  шүмегін  (

22

),  ЭВН-нан  ыстық  су 

шығару шүмегін (

23

) жəне қоспалағыштағы ыстық су шүмегін ашыңыз. ЭВН ақырғы толықтырылған 

кезде қоспалағыш шүмегінен үздіксіз ағынмен су ағады. Қоспалағышта ыстық су шүмегін жабыңыз, 
ернемекті  жылыстаулардың  бар  болуына  қатысты  тексеріңіз  жəне,  қажет  кезде,  бұрандаларды 
бекітіңіз.

ЭВН  жалғаған  кезде  су  құбырымен  жабдықталмаған  жерлерде  суды  ЭВН-ға  сорғы  бекетін 
қолданумен  көмекші  сауыттан,  немесе  ЭВН  жоғарғы  нүктесінен  кем  дегенде  5  метр  биіктікте 
орналастырылған сауыттан жеткізуге рұқсат етіледі.

Электр желісіне жалғау

Су жылытқышты электр желісіне қосу алдында оның параметрлерінің су жылытқыштың техникалық 
сипаттамаларына сəйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электрлік қорек көзін қосу алдында ЭВН сумен 
толтырылғандығына көз жеткізіңіз!

Су  жылытқыш  оның  қауіпсіз  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін  тұйықталған  болу  керек.  Су 
жылытқыш еуроайырмен жəне ЖҚҚ (опционды) қамтылған электрлік қоректенудің штатты 
желілік  сымымен  жабдықталған.  Электрлік  розеткада  жерге  тұйықтау  сымы  келтірілген 
жерге тұйықтау түйіспесі болу керек жəне ылғалдан қорғалған жерде орналасу керек, немесе 

X

4 төмен болмайтын талаптарға қанағаттандыру керек.

KZ

Техникалық қызмет көрсету

Техникалық  қызмет  көрсету  (ТҚ)  жəне  магний  анодын  уақытылы  ауыстыру  ЭВН  ұзақ  мерзімді 
жұмысы  үшін  міндетті  шарттар  болып  табылады.  Осы  талаптарды  орындамау  кепілдікті  қызмет 
көрсетуден алу үшін негіз болып табылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Техникалық қызмет көрсету жəне магний анодын ауыстыру кем 
дегенде  жылына  бір  рет  жүргізіледі  жəне  өндіруші  мен  сатушының  кепілдікті 
міндеттемелеріне кіреді.

ТҚ жүргізген кезде магний анодының жағдайы жəне ТЭЖ қақтың болуы тексеріледі. Сонымен қатар 
ЭВН төменгі бөлігінде жинақталуы мүмкін қалдықтар жойылады. Егер ТЭЖ-де қақ түзілсе, оны қақ 
жоятын құрал көмегімен, немесе механикалық жолмен жоюға болады. ЭВН-нан қалдықтарды жою 
үшін  шамадан  тыс  күш  қолданбау  керек  жəне  ішкі  бактың  қорғаныс  жабынын  зақымдамау  үшін 
абразивті тазарту құралдарын қолдану керек.

Бірінші  техникалық  қызмет  көрсетудің  маңыздылығы  қақ  пен  қалдықтардың  түзілуінің,  магний 
анодының шығындалуының белсенділігі бойынша кейінгі ТҚ жүргізу мерзімдерін анықтауға жəне, 
нəтижесінде,  пайдалану  мерзімін  ұзартуға  болатындығында  негізделеді.  Жоғарыда  аталған 
талаптарды орындамаған жағдайда пайдалану мерзімі қысқарады, ЭВН істен шығу ықтималдығы 
жоғарылайды жəне кепілдікті міндеттемелердің əрекеті тоқтатылады.

ТҚ жүргізу жəне магний анодын ауыстыру үшін келесіні орындау керек:

ЭВН электрлік қоректенуін сөндіру керек.

Ыстық суды салқындату керек немесе оны қоспалағыш арқылы жұмсау керек.

ЭВН-ға салқын судың жеткізілуін жабу керек.

Сақтандырғыш клапанды бұрап алу керек немесе ағызу вентилін ашу керек.

Салқын су жеткізетін келте құбырға немесе ағызу вентиліне резеңке түтікті кигізіп, оның екінші 

ұшын канализацияға бағыттау керек.
Қоспалағышта ыстық су шүмегін ашу керек.

Салқын су жеткізетін келте құбыр немесе ағызу вентилі арқылы ЭВН-нан су ағызу керек.

Қорғаныс қақпағын шешіп, сымдарды сөндіру керек, корпустан алмалы ернемекті бұрап алып, 

шығару керек.
Магний анодын ауыстыру керек, қажет кезде ТЭЖ қақтан тазартып, қалдықтарды жою керек.

Құрастыруды жүргізу керек, ЭВН сумен толтырып, қоректенуді қосу керек.

Мамандандырылған  ұйым  күшімен  ЭВН  техникалық  қызмет  көрсетілуін  жүргізген  кезде  кепілдік 
талонында сəйкес белгі жасалу керек. Магний анодын ауыстырған кезде  тұтынушы өздігінен ЭВН 
арналған осы нұсқаулыққа магний анодын сатып алуға арналған тауарлық түбіртекті қоса тіркеу 
керек.

Қауіпсіздік шараларының нұсқаулары

 

ЭВН  электрлік  қауіпсіздігіне  жəне  коррозияға  қарсы  қорғанысына  тек  электрлік 
қондырғыларды  орнатудың  қолданыстағы  ережелеріне  сəйкес  орындалған  тиімді  жерге 
тұйықтау болған кезде кепілдік беріледі.

ЭВН құрастырған жəне пайдаланған кезде тыйым салынады:

Егер ЭВН сумен толтырылмаса, электрлік қоректенуді қосуға. 

Электрлік қоректену қосулы болғанда қорғаныс қақпағын шешуге. 

Жерге тұйықтаусыз ЭВН пайдалануға немесе су құбырының жерге тұйықталуы ретінде 

пайдалануға. 
0,6  МПа  үлкен  қысымды  су  құбырының  желісіне  ЭВН  қосуға  (егер  су  құбырының 

торабындағы қысым 0,6 МПа асса, онда ЭВН салқын су кірісінде, сақтандырғыш клапан 
алдында  су  қысымын  нормаға  дейін  төмендету  үшін  сəйкес  редукциялық  клапанды 
(жеткізу жинағына кірмейді) орнату керек). 
ЭВН сақтандыру клапанысыз су құбырына жалғауға. 

KZ

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52