23
ҚазаҚша
белгіленген бетіне қол тигізуге тыйым
салынған. Күйіп қалу қаупі бар.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙДА
ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН
АЛҒАШ ПАЙДАЛАНАР АЛДЫНДА
Құрылғыны
төмен
температура
жағдайында
тасымалдаған
немесе
сақтаған кезде оны кемінде екі сағат
бөлме температурасында ұстау керек.
• Үтікті қораптан шығарып алыңыз, табанында
қорғаныш қабаты (13) болса, онда оны алып
тастаңыз.
• Құрылғының бүтіндігін тексеріңіз, бүлінген
жерлері болған кезде үтікті пайдаланбаңыз.
• Электр желісінің кернеуі үтіктің жұмыс
кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп
алыңыз.
СУДЫ ТАҢДАУ
Резервуарды толтыру үшін суқұбырындағы
суды пайдаланыңыз. Егер суқұбырындағы су
кермек болса, онда оны тазартылған сумен 1:1
арақатынасы бойынша араластырыңыз, су өте
кермек болған кезде оны тазартылған сумен
1:2 арақатынасы бойынша араластырыңыз
немесе тек тазартылған суды пайдаланыңыз.
СУҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАРДЫ ТОЛТЫРУ
Суды үтіктің ішіне құймас бұрын, оның электр
желісінен ажыратулы тұрғанын тексеріп
алыңыз.
• Температура реттегішін (10) «
MIN
» күйіне,
ал тұрақты бу беру реттегішін (3)
күйіне
орнатыңыз.
• Су құю саңылауының қақпағын (2) ашыңыз.
• Өлшеуіш стақанды (14) пайдаланып,
резервуарға (9) су құйыңыз, одан кейін
қақпақты (2) жабыңыз.
Ескертпе:
•
Су құюға арналған резервуарға (9)
хошиістендіргіш сұйықтықтарды, сірке
суын, крахмал ерітіндісін, қақтарды
кетіруге арналған реагенттерді, химиялық
заттарды және т.б. құюға тыйым
салынады.
•
Суды «
MAX
» белгісінен (12) жоғары
толтырмаңыз.
•
Егер үтіктеу кезінде суды үстемелеу
керек болса, онда үтікті сөндіріңіз де,
желілік шнур ашасын электр розеткасынан
суырыңыз.
ҮТІКТЕУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ
• Әр кезде киімдерді үтіктеу алдында,
бұйымның
үтіктеу
температурасы
көрсетілген тілшелерге қараңыз.
• Егер үтіктеу бойынша нұсқаулары бар тілше
жоқ болса, бірақ сіз материалдың түрін
ажырата алсаңыз, онда температураны
таңдау үшін кестені пайдаланыңыз.
Белгілеу Матаның түрі (температура)
•
Синтетика, нейлон, акрил, полиэстер
(төменгі температура)
••
Жібек/жүн (орташа температура)
•••
Мақта, зығыр (жоғары температура)
MAX
Максималды температура
• Бұл кесте тек тегіс материалдарға
арналған. Егер материал басқа түрлі болса
(гофрирленген, кеді—бұдырлы және т.с.с.),
онда оны төменгі температурада үтіктеген
жөн.
• Алдымен киімдерді үтіктеу температурасы
бойынша сұрыптап алыңыз: синтетиканы
синтетикаға, жүнді жүнге, мақтаны мақтаға
және т.с.с.
• Үтіктің қызуы, оның сууына қарағанда
тез.
Сондықтан
алдымен,
төменгі
температурадағы киімдерді үтіктеп алған
жөн (мысалы, синтетикалық маталар).
• Одан кейін аса жоғары температураларда
үтіктеуге көшіңіз (жібек, жүн). Мақта мен
зығыр бұйымдарын соңғы кезекте үтіктеген
жөн.
• Егер матаның құрамына аралас талшықтар
енсе, онда ең төмен температураны белгілеу
қажет (мысалы, егер бұйым мақта мен
эластаннан құралса, онда оны эластанға
сәйкес температурада үтіктеу қажет «•»).
• Егер сіз матаның құрамын анықтай
алмасаңыз, онда киімнің киген кезде көзге
түсе қоймайтын жерін тауып алыңыз да,
VT-1236.indd 23
02.12.2013 9:20:54