![background image](/i/redmond/116847/redmond-rmk-m271/h/redmond-rmk-m271-033.png)
33
RMK-M271
KAZ
33
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқыңыз
және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның қызмет
ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•
Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін
ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке
тартылмайды.
•
Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. Құрылғының өндірістік
немесе кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану
ережелерінің бұзылысы болып табылады.
•
Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап
қоректенуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз
(бұйымның техникалық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін
қараңыз).
•
Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдала-
ныңыз — параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе
кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз — бұл тоқ соғуға
қарсы қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда
ол да жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда оның кор
-
пусы, табағы мен металдық бөлшектері қызады! Абай бо
-
лыңыз! Асханалық қолғапты пайдаланыңыз. Ыстық буға
күйіп қалмау үшін қақпақты ашқанда құрылғының үстінде
еңкеймеңіз.
•
Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжы-
ту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай,
ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
•
Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында
жүргізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға,
жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
Есте сақтаңыз: электр қоректену кабелін кездейсоқ
зақымдасаңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақа
-
уларға, сонымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп
соқтыруы мүмкін. Зақымданған электр бауы сервис-орта
-
лықта жылдам ауыстыруды талап етеді.
•
Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз —
бұл құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•
Дискілік қыздыру элементінің күйін өзгерту барысында аспапты
жеткізу жиынтығына кіретін шымшуырларды міндетті түрде қолда-
ныңыз — бұл күйіп қалу мен басқа да жарақаттар алу мүмкіндігін
болдырмайды.
•
Жоғары айқындамада қыздыру дискісін орнату барысында аспаптьың
жұмыс камерасының қабырғасындағы қималарда мықты бекітілген-
дігіне көз еткізіңіз. Қыздыру элементін қате орнату аспапты пайда-
лану процесінде оның өздігінен жылжуына немесе сынуына алып
келуі мүмкін.
Егер аспап электр желісіне қосылған болса, электр тогына
зақымға ұшыраудан сақтану үшін, қыздыру элементінің күй
-
ін өзгертіңіз!
•
Егер дискілік қыздыру элементі жоғары айқындамада орнатылған
болса, аспап қақпағын жабуға тосқауыл қойылады.
•
Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы кор-
пусының ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар
болуы мүмкін.
•
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына