![background image](/i/redmond/116847/redmond-rmk-m271/h/redmond-rmk-m271-035.png)
35
RMK-M271
KAZ
35
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау матери-
алдары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз! Бұйымда сериялық
нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан автоматты түрде айырыласыз.
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Бұйым корпусын ылғал матамен сүртіп, табақты жуыңыз және кептіріңіз. Аспапты
алғашқы пайдаланылғанда бөтен иіс шықпау үшін оны тазалаңыз («Аспапты күтуді»
қараңыз).
Аспапты бу клапанынан шығатын ыстық бу түсқағаз, декоративті жабындылар, элек-
трондық аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температурадан зардап шегуі мүмкін
басқа заттарға немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орна-
тыңыз.
Әзірлеудің алдында мультиасүйдің сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөліктерінде
зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру элементі
арасында бөтен зат болмауы керек.
II. МУЛЬТИАСҮЙДІ ПАЙДАЛАНУ
Дыбыс сигналдарын сөндіру
1. Аспапты электр желісіне қосыңыз және басқышын басыңыз. «Время» батырма-
сын басыңыз және ұстап тұрыңыз. Дисплейдегі температура индикаторының ор-
нына «SОn» жазбасы жанады.
2. Дыбыс сигналдарын сөндіру үшін «+» немесе «–» батырмасын басыңыз. Дисплей-
де «SOFF» жазбасы мен индикаторы пайда болады. Дыбыс сигналдарын қосу
үшін «+» немесе «–» батырмасын басыңыз (дисплейде «SОn» жазбасы жанады,
индикаторы сөнеді).
3. Тақтада батырмаларды 5 секунд бойы басып тұрмаңыз. Баптаулар автоматты
түрде сақталады.
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMK-M271 мультиасүйдерінде «ЭКСПРЕСС» бағдарламасынан басқа, әр
бағдарлама үшін әзірлеу уақытын өздігінен орнатуға болады. Белгіленген уақыттың
өзгеру қадамы және ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.
1. Автоматты бағдарламаны таңдағаннан кейін «Время» батырмасын басыңыз. Ди-
сплейде сағат шамасының индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. Параметр шамасын арттыру үшін «+» батырмасын басыңыз,ал кеміту үшін «–»
батырмасын басыңыз.
Мультиасүйдің құрылымы
A1
1. Құрылғының қақпағы
2. Тасымалдау тұтқасы
3. Қақпақты ашу басқышы
4. Суырылып алынатын буландырғыш қақпақ
5. Тығыздағыш сақина
6. Көтерме жылытқыш құрал
7. Дисплеймен бірге басқару пернесі
8. Корпус
9. Ожауға арналған ұстағыш
10. Тостаған
11. Конденсатты жинауға арналған контейнер
12. Тегіс қасық
13. Ожау
14. Өлшеуіш стақан
15. Бу үстінде әзірлеуге арналған контейнер
16. Элетр қоректендіргіш шнур
17. Қысқыш
18. Йогуртқа арналған құты
19. Таба
Басқару тақтасы
1. Автоматты бағдарламаны таңдау батырмасы
2. «Отмена/Разогрев» («Болдырмау/Жылыту») батырмасы — жылыту функциясын
қосу/сөндіру, әзірлеу бағдарламасының жұмысын тоқтату, жасалған баптауларды
өшіру
3. «Темп.» батырмасы — әзірлеу температурасын орнату режіміне өту
4. «Старт» батырмасы — әзірлеудің ұсынылған режімін қосу
5. «Отсрочка» («Кейінге қалдыру») батырмасы — кейінге қалдырылған старт уақытын
орнату тәртібін қосу
6. «Время» («Уақыт» ) батырмасы — әзірлеу уақытын орнату режіміне өту
7.
батырмасы — құрылғыны қосу/сөндіру
8. «–» батырмасы — параметрдің мәнін азайту
9. «+» батырмасы — параметрдің мәнін арттыру
Дисплей құрылымы
A. Уақыт шамасының индикаторы
B. Температура шамасының, «ЭКСПРЕСС» бағдарламасының жұмыс индикаторы
C. Әзірлеу режімінің индикаторы
D. Стартты кейінге қалдыру режімінің индикаторы
E. Дыбыстық сигналды сөндіру индикаторы
F. Автожылыту/жылыту режімінің индикаторы
A2