![background image](/i/redmond/116847/redmond-rmk-m271/h/redmond-rmk-m271-038.png)
38
ағымдағы баптауларға байланысты, аспап автожылыту режіміне (дисплейде
индикаторы жанады) немесе күту режіміне ауысады.
9. Енгізілген бағдарламаны өзгерту үшін, әзірлеу бағдарламасын немесе автожылы-
туды тоқтату үшін «Отмена/Разогрев» батырмасын басыңыз
Сапалы нәтиже алу үшін арнайы осы үлгілер үшін дайындалған мультиасуйтеріне қоса
тіркелетін аспаздық кітаптағы тағамдар әзірлеу жөніндегі рецептілерді пайдала
-
нуды ұсынамыз. Сәйкес рецептілерді сіз www.redmond.company сайтында таба аласыз.
«МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасы
Осы бағдарлама тағамдарды пайдаланушы белгілеген әзірлеу температурасы мен
уақытының параметрлері бойынша әзірлеуге арналған. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарлама-
сы себебінен REDMOND RMK-M271 мультиасуйтері бірқатар асханалық аспаптарды
ауыстыра алады және ескі аспаздық кітапта табылған немесе Интернеттен алынған,
сізді қызықтырған кез келген дерлік рецепт бойынша тағам әзірлеуге мүмкіндік береді.
Егер ас дайындау температурасы 80°С-тан аспайтын болса, автожылыту функциясын
пайдалану ұсынылмайды.
Тағайындалу бойынша «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әзірлеу уақыты 30 минут
құрайды, әзірлеу температурасы — 100°С. Бағдарламада температураны қолмен орнату
диапазоны 5°С қадаммен 35-180°С құрайды. Уақытты қолмен орнату диапазоны — 1 ми-
нуттық қадаммен 2 минуттан 12 сағатқа дейін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Әзірлеу температурасы 130°С жоғары орнатылған кезде шамадан
тыс қызудан қорғау үшін бағдарлама жұмысының максималды уақыты 2 сағатпен
шектеледі.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Бағдарлама күріш пен суда сусымалы ботқаларды пісіруге арналған. Бағдарлама су толық
қайнағаннан кейін автоматты сөндірілуді қарастырады. Осы бағдарламада әзірлеу уақытын
қолмен орнату және «Стартты кейінге қалдыру» және «Автоподогрев» функциялары қол
жетімсіз. Күту тәртібінде әзірлеу бағдарламасын іске қосу үшін «Старт» батырмасын басыңыз.
Сондай-ақ басқару тақтасында сәйкес батырманы баса отырып «ЭКСПРЕСС» бағдар
-
ламасын таңдауға және «Старт» батырмасын басумен іске қосуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бидай және қара бидай ұнынан нанның әртүрлі түрлерін пісіру үшін ұсынылады.
Бағдарлама қамырдын ашуынан піскенше әзірленуінің толық циклін қарастырады.
Бағдарламада әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағат. Әзірлеу уақытын 5 минуттық қадаммен
10 минуттан 4 сағатқа дейінгі диапазонда орнатуға болады.
Осы бағдарламада «Автоподогрев» функциясының максималды жұмыс уақыты үш
сағатпен шектелген.
Пісірме сапасына әсер ететін болғандықтан, «Отсрочка старта» функциясын қолдануға
кеңес берілмейді.
Ингредиенттерді салу кезінде, олар тостағанның пайдалы көлемінің жартысынан
аспауын қадағалаңыз.
Әзірлеу уақытын 1 сағаттан кем орнату кезінде «Старт» батырмасын басқаннан
кейін пісіру процесі басталады. Қамырды ашыту кезеңінде мультиасүй қақпағын
ашпаңыз. Пісірілетін өнім сапасы осыған байланысты.
Бағдарлама жұмысының бірінші сағатында қамырды ашыту кетеді, сосын — пісіру.
Бағдарламаны әдепкі баптаумен іске қосқанда 2 сағаттық жұмыс аяқталғаннан кейін
құрал дыбыстық сигнал береді. Мультиасүй қақпағын ашыңыз және нанды аударыңыз.
Егер бағдарлама баптауына өзгертулер енгізілген болса, дыбыстық сигнал берілмейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Нанды құралдан шығару үшін ас үй қолғабын қолданыңыз.
Ұнды қолданар алдында оттегіге қанығу үшін және қоспаларды жою үшін елеу керек.
Уақытты қысқарту үшін және әзірлеуді жеңілдету үшін нанды әзірлеуге арналған
дайын қоспаны қолдануды ұсынамыз.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Етті, құсты, балықты, көкөністерді және көп құрамды тағамдарды буда әзірлеуге арналған.
Тағайындалу бойынша бағдарламадағы әзірлеу уақыты 35 минутты құрайды. Әзірлеу уақы-
тын 5 минуттық қадаммен 5 минуттан бастап 2 сағатқа дейінгі диапазонда қолмен орнатуға
болады. Осы бағдарламада әзірлеу үшін арнайы контейнер (жинаққа кіреді) пайдаланылады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Бағдарлама көкөністер мен бұршақ тұқымдастарды әзірлеуге арналған. Әдепкі әзірлеу
уақыты 40 минут. Әзірлеу уақытын қолмен орнату диапазоны — 5 минуттық қадаммен
10 минуттан 8 сағатқа дейін.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Бағдарлама су қайнағанша жеткізуді, ингредиенттерді салу мен олардың әрі қарайғы
әзірлеуін қарастырады. Суды қайнату уақыты мен өнімдерді салу қажеттігі туралы
дыбыстық сигнал хабарлайды. Әзірлеудің кері санағы «Старт» батырмасын қайталап
басқаннан кейін басталады.
Бағдарламадағы әдепкі әзірлеу уақыты 8 минут. Әзірлеу уақытын қолмен орнату 1 ми-
нуттық қадаммен 2 минуттан 1 сағатқа дейінгі диапазонда мүмкін. Осы бағдарламада
«Отсрочка старта» және «Автоплдогрев» функциялары қол жетімсіз.
Кейбір өнімдерді (мысалы, макарон, тұшпара және т.б.) әзірлеу кезінде көбік пайда
болады. Оның тостағаннан ағуын болдырмас үшін, өнімді қайнап тұрған суға салған
-
нан кейін бірнеше минут қақпақты ашып қоюға болады.