11
ҚАЗАҚША
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Сіздің микротолқынды пешіңізге сағат орнатылған. Қуат көзіне қосылған кезде,
бейнебетте “:0”, “88:88” немесе “12:00” автоматты түрде пайда болады.
Ағымдық уақытты орнатыңыз. Уақытты 24- сағат немесе 12-сағаттық режим бойынша
көрсетуге болады. Сағатты келесі жағдайларда орнату керек:
• Микротолқынды пешті алғаш орнатқанда
• Электр қуаты өшіп қалғанда
Жазғы және қысқы уақыттарды ауыстырған кезде сағатты қайта
орнатуды ұмытпаңыз.
1. Сағатты келесі режимге қою үшін...
24-сағаттық режим
12-сағаттық режим
Clock
( ) (Сағат) түймешігін бір немесе екі рет басыңыз
2.
Сағатты орнату үшін ( ) және ( ) түймешіктерін
басыңыз.
3.
(
) түймешігін басыңыз.
4.
Минутты орнату үшін ( ) және ( ) түймешіктерін
басыңыз.
5.
(
) түймешігін басыңыз.
АҚАУЛЫҚ ТУЫНДАСА НЕМЕСЕ КҮМӘН ПАЙДА
БОЛСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
Төмендегі ақаулықтардың бірі орын алса, көрсетілген шешімдерді қолданып түзетіп
көріңіз.
Бұл қалыпты жағдай.
•
Пештің ішінде конденсат пайда болады.
•
Есіктің айналасы мен корпустың сыртынан жел үрлейді.
•
Есіктің айналасы мен корпус сыртында жарық шағылысады.
•
Есіктің маңайы мен саңылаулардан бу шығады.
(
) түймешігін басқан кезде пеш іске қосылмайды.
•
Есік әбден жабылды ма?
Тағам мүлде піспеген.
•
Таймерді дұрыс орнаттыңыз ба және/не
(
)
түймешігін бастыңыз ба?
•
Есік жабық тұр ма?
•
Электр желісінің жүктемесін арттырғандықтан, сақтандырғыш жанып
немесе айырып-қосқыш іске қосылған жоқ па?
Тағам қатты пісіп кеткен немесе шала піскен.
•
Тағамның түріне сай келетін пісіру уақыты орнатылды ма?
•
Сай келетін қуат мәні таңдалды ма?
Пештің ішінде жарқыл және сытыр (электр жарқылы) пайда болады.
•
Металл жиегі бар ыдысты қолдандыңыз ба?
•
Шанышқы немесе басқа металл ас құралы пештің ішінде қалып қойған
жоқ па?
•
Алюминий фольга пештің ішкі қабырғасына тым жақын орналасқан жоқ па?
Пеш радио немесе теледидарға бөгеуіл жасайды.
•
Пеш жұмыс жасап тұрған кезде теледидар мен радиода аздаған бөгеуіл
пайда болуы мүмкін Бұл қалыпты жағдай. Бұндай бөгеуілді азайту үшін,
пешті теледидар, радио және антеннадан алыс орнатып көріңіз.
•
Бөгеуілді пештің микропроцессоры анықтаса, бейнебет параметрлерін
қайта орнату керек. Бұл ақаулықты түзету үшін ашаны розеткадан
суырыңыз да, қайта жалғаңыз. Уақытты қайта орнатыңыз.
Жоғарыда көрсетілген ақыл-кеңес ақаулықты түзетуге көмектеспесе,
жергілікті дилер немесе SAMSUNG тұтынушыға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
FW77SSTR_BWT_DE68-04135B-02_KK.indd 11
2014-02-21 �� 7:10:10