![background image](/i/electrolux/150799/electrolux-eog-92102-cx/h/electrolux-eog-92102-cx-004.png)
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
•
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
•
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
•
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
•
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
•
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
•
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған:
KZ RU UA
2.1 Орнату
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі
абай болыңыз, себебі салмағы
ауыр. Әрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз.
• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа
құрылғылардың, заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың
қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы
құрылғының биіктігімен бірдей
құрылғылармен жанастырып қою
керек.
• Құрылғыны корпустың төменгі
қақпағынсыз іске пайдаланбаңыз.
Бұл функциональдық қауіпсіздік
үшін қажет.
• Құрылғы электрлі салқындату
жүйесімен жабдықталған. Ол электр
қуатымен жұмыс істеуге тиіс.
2.2 Электртоғына қосу
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Өрт шығу және электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
www.electrolux.com
4