![background image](/i/lg/152524/lg-g-pad-83-v500/h/lg-g-pad-83-v500-239.png)
11
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш
немесе спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
• Құрылғыны жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
• Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға шығармаңыз.
• Құрылғыны кредит картасы немесе көлік билеттері жанында
ұстамаңыз, ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
• Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені бұл құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғалды жерге
қоймаңыз.
• Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз. Қажет
болмаса, антеннаға тимеңіз.
• Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті пайдаланбаңыз,
ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге әрекет жасамаңыз. Тиісті
түрде қолданбағаннан болған әйнектегі зақымдар кепілдікпен
жөнделмейді.
• Планшет – қалыпты жағдайда ыстық бөлетін электрондық құрылғы
болып табылады. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті желдеткіштің жоқтығынан
терімен тікелей байланыста болу ыңғайсыздықты немесе болмашы
күйікті тудыруы мүмкін. Сондықтан, құрылғыны пайдалану барысында
немесе әрекеттен кейін сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.
• Құрылғыңыз ылғалданып қалса, дереу ажыратып, толығымен
құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш, микротолқынды пеш
немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы жылыту көзін пайдаланбаңыз.