![background image](/i/lg/152524/lg-g-pad-83-v500/h/lg-g-pad-83-v500-243.png)
15
Батарея ақпараты және күтімі
• Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт емес. Басқа
батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның жұмысына қауіп төндіретін
жад әсері жоқ.
• Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз. LG
зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін арттырады.
• Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға болмайды.
• Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт қолданылмаған
батареяны зарядтаңыз.
• Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе жуыну бөлмесі
сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде қалдырмаңыз.
Құрылғыны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз, ол батареяның
жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
• Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда болады.
• Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
• Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics компаниясының ең
жақын қызмет көрсету орталығына немесе дилеріне апарып, көмек
алуға болады.
• Планшет толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат тұтынуын
болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз.
• Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және қоршаған
ортаға байланысты болады.
• Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы заттардың
батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы мүмкін.