![background image](/i/lg/152524/lg-g-pad-83-v500/h/lg-g-pad-83-v500-255.png)
27
Батареяның жарамдылық мерзімін
оңтайландыру
Фонда ұдайы қосылып тұруы қажет емес мүмкіндіктерді өшіріп, зарядтау
уақыты арасында батареяның жұмыс мерзімін ұзартуға болады. Сондай-
ақ, қолданбалар мен жүйелік ресурстардың батарея қуатын пайдалану
тәсілін реттеуге болады.
Батареяның жұмыс мерзімін арттыру
• Wi-Fi, Bluetooth немесе GPS сияқты пайдаланып жатпаған радио
байланыстарды өшіріңіз.
• Экран жарықтығын төмендетіп, экранның сөну мерзімін азайтыңыз.
• Gmail™, Күнтізбе, Контактілер және басқа қолданбалардың автоматты
синхрондалу мүмкіндігін ажыратыңыз.
• Кейбір жүктеп алынған қолданбалар батареяның қызмет мерзімінің
қысқаруына себеп болуы мүмкін.
• Жүктелген қолданбаларды пайдаланғанда батареяның зарядталу
деңгейін тексеріңіз.
Батарея зарядының деңгейін көру
1
Негізгі экранда
Қосымшалар
>
Баптаулар
>
Планшет
туралы
>
Батарея
тармағын түртіңіз.
2
Экранның жоғарғы мәзірінде батарея күйі (зарядталуда немесе заряд
жұмсалуда) және деңгейі көрсетіледі.
Батареяны пайдаланатын бағдарламаларды бақылау
және басқару
1
Негізгі экранда
Қосымшалар
>
Баптаулар
>
Планшет
туралы
>
Батарея
>
Батарея қолданысы
тармағын түртіңіз.