![background image](/i/lg/152524/lg-g-pad-83-v500/h/lg-g-pad-83-v500-303.png)
75
2
Bluetooth қосылымы автоматты түрде қосылады.
QPair мүмкіндіктері
Қоңырау хабарландыруы
– Телефонға қоңырау шалған кезде
планшетке ескерту жібереді. Ескертуде қоңырау шалушының нөмірі
көрсетіледі және қоңырауды қабылдамауға мүмкіндік береді.
Хабар хабарландыруы
– Телефонға хабар келген кезде планшетке
ескерту жібереді.
SNS ескертуі
– Телефонға келгенде SNS хабарландыруларын
планшеттің күй жолағында көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ.
Осы мүмкіндікті қосу үшін, алдымен телефонда
Баптаулар
>
Қол жетімділік
>
QPair SNS хабарландырулары
мәзірін қосыңыз. Бұл мүмкіндік телефонға келген SNS
хабарландыруларын планшетте ескертуге мүмкіндік береді.
QuickMemo беру
– Ағымдағы QuickMemo жазбасын планшеттің
галереясында сақтайды, одан кейін галереяны телефондағы галереямен
синхрондайды.
Телефон арқылы Интернет
– Планшетті интернетке ұялы телефон
арқылы автоматты түрде қосады (Wi-Fi кіру нүктесі ретінде). Бұл
функцияны пайдалану үшін төлем алынуы мүмкін. Телефонда
деректердің қолданысын үнемдеу үшін телефон ауқым ішіндегі кез
келген сенімді Wi-Fi кіру нүктесіне қосылады.
Соңғы қолданба жапсырмасы
– Жұпталған құрылғы экранының құлпы
ашылған кезде, басқа құрылғыда соңғы рет пайдаланылған қолданба
дисплейдегі белгіде көрсетіледі (егер сол қолданба планшетте де,
телефонда да орнатылған болса).