![background image](/i/lg/152524/lg-g-pad-83-v500/h/lg-g-pad-83-v500-325.png)
97
ЕСКЕРТПЕ.
тіркелгі деректері қоймасын пайдалану алдында экран
құлпының PIN кодын немесе құпия сөзін орнату керек.
ҚҰРЫЛЫМ
Дыбыс
Дыбыс пішіні
– Дыбыс, Тек діріл немесе Үнсіз параметрін таңдауға
болады.
Дыбыс деңгейлері
– хабарландыру дыбысының, сенсорлы жауаптың
және жүйенің, музыканың, бейненің, ойындардың және басқа
мультимедианың дыбыс деңгейін басқарыңыз.
Ескерту дыбыстары
– әдепкі хабарландыру дыбысын орнату
мүмкіндігін береді.
Түрту дыбыстары
– түймелерді, белгішелерді және түрту қимылына
жауап беретін басқа экран элементтерін түрткенде, планшетте дыбыс
ойнататын етіп орнатуға мүмкіндік береді.
Экранды блоктау дыбысы
– планшетті экранды құлыптау және ашу
кезінде дыбысты ойнататын етіп орнатуға мүмкіндік береді.
Түрткен кездегі діріл
– планшеттің экранын түрткенде дірілді орнатуға
мүмкіндік береді.
Дисплей
Өзіндік бет экраны
Тақырып
– Құрылғыңыз үшін экран тақырыбын орнатады.
Тұсқағаз
– Негізгі экранда пайдаланылатын тұсқағазды орнатады.
Экран әсері
– экрандарды ауыстыру үшін жүргізген кездегі әсерді
орнатады.