![background image](/i/lg/152524/lg-g-pad-83-v500/h/lg-g-pad-83-v500-241.png)
13
• Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе
тасымалды сымсыз жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате жұмыс
жасағандықтан, ауа қабының ашылуына кедергі жасауы немесе ауыр
жарақатқа апаруы мүмкін.
• Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда не
болып жатқанын байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл жолдардың
жанында болғанда әсіресе маңызды.
Құлаққа зақым келтірмеуге тырысу
ЕСКЕРТПЕ.
Құлаққаптардан және құлақаспаптардан шығатын өте
жоғары дыбыс қысымы есту қабілетін жоғалтуға себеп болуы мүмкін.
Ықтимал есту қабілетіне зиянды болдырмау үшін ұзақ уақыт
бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
• Ұзақ уақыт бойы музыканы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау есту
қабілетіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан планшетті құлақ жанында
қоспауға немесе өшірмеуге кеңес беріледі. Сондай-ақ музыканың
дыбыс деңгейлері қалыпты деңгейде болуы тиіс.
• Құлақаспапты пайдаланғанда, жаныңыздағы адамдардың сөзі
естілмесе немесе қасыңыздағы адам тыңдап жатқаныңызды естісе,
дыбыс деңгейін азайтыңыз.
Әйнек бөліктері
Планшетіңіздің кейбір бөліктері шыныдан жасалған. Құрылғы қатты
жерге түсіп, соғылған кезде осы шыны бөліктері сынып кетуі мүмкін.
Әйнек сынса, тиіспеңіз немесе алып тастамаңыз. Шыны қызмет
көрсетуші тарапынан алмастырылмағанша құрылғыны пайдаланбаңыз.