![background image](/i/lg/152524/lg-g-pad-83-v500/h/lg-g-pad-83-v500-242.png)
14
Жарылыс аймағы
Жарылыс жасалып жатқан аймақтарда планшетті пайдаланбаңыз.
Шектеулерді тексеріп, шарттар мен ережелерді орындаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
• Планшетті жанармай құю орындарында пайдаланбаңыз.
• Телефонды жанармай немесе химиялық заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
• Тез жанатын газ, сұйықтық немесе жарылғыш заттарды үстел
құрылғысы мен керек-жарақтарымен бірге тасымалдамаңыз және
сақтамаңыз.
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
• Ұшаққа мінер алдында, планшетті сөндіріңіз.
• Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
Балалар
Құрылғыны кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Оның құрамында ажыратылған жағдайда тұншығу қаупін
төндіретін кішкентай бөлшектер бар. Сондай-ақ. бұл құрылғыда ішкі
батарея бар, ол құрылғы дұрыс пайдаланылмаған немесе қызмет
көрсетілген болса қауіпті болуы мүмкін.