![background image](/i/samsung/108475/samsung-nv75k5541bs/h/samsung-nv75k5541bs-108.png)
12 Казақ
Іске пайдалану
Істі бастау алдында
Қос режиммен пісіру
Екі түрлі мәзірді пісіру үшін үстіңгі және астыңғы бөліктерді пайдалануға немесе бір
ғана бөлікті таңдап пісіруге болады.
Тағам пісірілетін бөлікті екі бөлікке бөлу үшін
бөлгішті 3-ші деңгейге қойыңыз.
Пеш бөлгіштің орнатылғанын сезіп, әдетте
үстіңгі бөлікті іске қосады.
ЕСКЕРТПЕ
Қос режим функциясының бар болуы-
болмауы рецептіге байланысты. Қосымша
ақпаратты осы нұсқаулықтың Тағам пісіруге
катысты нұсқаулар тарауынан қараңыз.
Іске пайдалану
Басқару панелі
Алдыңғы панельді түрлі материалдардан жасауға және әр түрлі түспен бояуға
болады. Сапаны жақсарту үшін пештің сыртқы көрінісіне алдын ала ескертусіз
өзгеріс енгізілуі мүмкін.
01
02 04
06 08 10
03
05
07 09 11
12
01 Режим таңдайтын
тетік
Пісіру режимін немесе функцияны таңдау үшін
бұраңыз.
02 Алдын ала
жылдам қыздыру
Алдын ала жылдам қыздыру пешті орнатылған
температураға дейін жылдам қыздырады.
•
Алдын ала жылдам қыздыру функциясын қосу немесе
сөндіру үшін басыңыз.
•
Бір режим кезінде ғана қол жетімді.
(Конвекция, Дәстүрлі, Үстіңгі қызу + Конвекция,
Астыңғы қызу + Конвекция)
•
100 °C градустан төмен температураларда
қосылмайды.
03 Таймер
Таймер уақытты немесе тағам пісіру уақытын қарауға
мүмкіндік береді.
04 Үстіңгі/Астыңғы
бөлік
Бөлгіш құрал салынған кезде индикаторлар жанады.
Рецептіңіз үшін Үстіңгі немесе Астыңғы бөлікті
таңдауыңызға болады.
05 Дисплей
Таңдалған режимдер немесе параметрлер үшін қажетті
ақпаратты көрсетеді.
06
OK
Параметрлерді растау үшін басыңыз.
NV75K5541RB_WT_DG68-00743A-00_RU+UK+KK+UZ.indb 12
2/17/2016 2:08:26 PM