Инструкция для SAMSUNG UE65C8000XW

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

60

Қазақша

Басқа мағлұматтар

Ақаулық 

Шешімі және түсіндірмесі 

Кезекке қойылған жазу үрдісі сәтсіз 

аяқталды.

•  Жүйе файлы немесе USB құралына қатынасуды қажет ететін кейбір әрекеттерді (пішімдеу, жұмыс 

сынағы, ақаулықты тексеру, жою) орындау барысында, кезекке қойылған жазу үрдісі іске қосылмайды.

•  Егер ешбір USB құралы қосулы тұрмаса, кезекке қойылған уақыт келсе де, теледидар жазу үрдісін 

бастамайды. 

•  USB құралының жадында бос орын болмаса, теледидар жазу функциясын орындамайды. Бұндай 

жағдай орын алмағанын тексеріңіз.

•  Егер 

Parental lock

 арқылы бұғатталған арнадан жазу қажет болса, жазу функциясын 

жалғастырғыңыз келгенде, PIN кодты көрсету терезесі пайда болады.

Бірнеше жазу құралдары жалғанып тұрса 

да, теледидар жазуды тоқтатып тастады. 

•  Егер бірнеше жазу құралдары жалғаулы тұрса және 

Default Recording Device

 режимінде тұрған құралдың 

жадында бос орын болмаса, жазу функциясы жабылады. Қайта жазып көріңіз. Жадында көбірек бос орны 

бар құрал автоматты түрде 

Default Recording Device 

 режиміне қойылады да, теледидар жаза бастайды.

Басқа мәселе
Сурет экранда толық көрсетілмейді.

•  Жоғары ажыратымдылықтағы арналар, SD (4:3) мазмұндары көрсетілген кезде экранның қайбір 

жағына қара жолақ қалдырып отырады. 

•  Геометриялық өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын фильмдерде, 

бейнебеттің үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда болады.

•  Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет бейнебетті толық 

көрсетілетін етіп реттеңіз. 

Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.

•  Қашықтан басқару пульті батареяларының (+/–) полюстарын дұрыс келтіріп салыңыз.

•  Пульттағы сенсор сигналы шығатын терезені тазалаңыз.

•  Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.

Кабель/спутниктік ресивердің қашықтан 

басқару пульті, теледидарды іске қоспайды 

не сөндірмейді, үнділігін реттемейді.

•  Кабель/Спутниктік ресивердің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды басқаратын етіп 

бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/Спутниктік ресивер пайдаланушы 

нұсқаулығынан қараңыз.

“Mode Not Supported” жазуы көрсетіледі.

•  Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы құрылғының шығыс 

ажыратымдылығын тиісінше орнатыңыз. Осы нұсқаулықтың 27-ші бетіндегі ажыратымдылық 

параметрлерін орнату тарауын қараңыз.

Теледидардан пластмасса иісі шығады.

•  Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді. 

Өздігінен диагностика коюға арналған сынақ 

мәзірінде теледидар 

Signal Information

 

параметрі жоқ.

•  Бұл функция тек Антенна / РЖ/ Coax қосылымы арқылы қабылданатын сандық арналарда ғана 

бар (б. 25). 

Теледидар бір жағына қарай қисайып тұр. 

•  Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз. 

Арна мәзірі сұры болып тұр. (жоқ)

• 

Channel

 мәзірі тек теледидардың сигнал көзі таңдалған кезде ғана көрсетіледі.

Параметрлер 30 минут өткеннен кейін 

немесе теледидар сөндірілгеннен кейін 

сақталмай қалады.

•  Егер теледидар 

Store Demo

 режимінде тұрса, ол аудио немесе сурет параметрлерін 30 минут 

сайын бастапқы қалпына қойып отырады. 

Plug & Play 

(параметрлерді бастапқы орнату) көмегімен 

Store Demo

 режимін 

Home Use

 режиміне қойыңыз.  

SOURCE 

түймешігін басып 

TV

 режимін 

таңдаңыз да, мына қадамды орындаңыз: 

MENU

 → 

Setup

 → 

Plug & Play

 (параметрлерді бастапқы 

орнату) → 

ENTER

E

 (б. 7).

Аудио немесе видео мезгіл-мезгіл жоқ 

болып кетеді.  

•  Сым қосылымдарын тексеріңіз де, қайта жалғаңыз. 

•  Аудио немесе видео жоқ болып кетуіне, тым қатты не жуан сым қолдану себеп болуы мүмкін. 

Сымдардың иілгіш, ұзақ пайдалануға жарамды екендігін тексеріп алыңыз.  Теледидарды қабырғаға 

орнатқыңыз келсе, 90 градустық жалғастырғыштары бар сымдарды қолдануды ұсынамыз.

Теледидар рамасының жиегіне өте 

жақыннан қарағанда өте кішкене 

бөлшектерді көресіз. 

•  Бұл өнімнің ақауы емес, сыртқы жасақтамасының бір бөлігі.

PIP

 мәзірі жұмыс істемейді.

• 

PIP

 функциясы тек HDMI, ДК немесе компоненттік сигнал көздерін қолданғанда ғана жұмыс істейді (б. 25).

“Scramble signal” не “Weak Signal/No Signal” 

хабары пайда болады.

•  Егер CAM CARD (CI/CI+) картасын қолдансаңыз, оның жалпы тілдесу ұяшығына орнатылғанын тексеріңіз.

•  Ақаулық әлі жойылмаса, CAM CARD картасын теледидардан алып, ұяшыққа қайта салыңыз.

Теледидарды 45 минут бұрын сөндірдіңіз, 

бірақ ол қайта қосылды.

•  Бұл қалыпты жағдай. Теледидар OTA (Over The Aerial) функциясын, теледидар қарап отырған 

кезде түсірілген бағдарламалық жасақтаманы жаңарту үшін қосады.

Сурет/үнділік мәселелері жиі-жиі туындайды.

•  Тексеріңіз де, сигнал/сигнал көзін өзгертіңіз. 

Тұрғы тағанындағы резеңке жастықшалар 

мен кейбір жиһаздардың сыртқы қаптамасы 

арасында реакция пайда болуы мүмкін.

•  Бұның алдын алу үшін, теледидардың жиһазға тура жанасатын кез келген жеріне киіз жастықша 

қолданыңыз.

 

Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясы қолданылады. Дегенмен, бейнебетте 

аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы жұмысына еш әсер етпейді. 

[UC8000_RU]BN68-02697R-02L04.indb   60

2010-08-24   오전 11:11:21

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
129
130
131
132
133
134
135
136
137
138
139
140
141
142
143
144
145
146
147
148
149
150
151
152
153
154
155
156
157
158
159
160
161
162
163
164
165
166
167
168
169
170
171
172
173
174
175
176
177
178
179
180
181
182
183
184
185
186
187
188
189
190
191
192
193
194
195
196
197
198
199
200
201
202
203
204
205
206
207
208
209
210
211
212
213
214
215
216
217
218
219
220
221
222
223
224
225
226
227
228
229
230
231
232
233
234
235
236
237
238
239
240
241
242
243
244
245
246
247
248
249
250
Оглавление инструкции

Document Outline