29
ҚазаҚша
• Электр қуаты 10 минуттан астам уақыт
бойы жоқ болған кезде құрылғыны
бағдарламалауды жүргізу қажет.
ҰСЫНЫСТаР
Сіз
«МУЛЬТИРЕЖИМ»
бағдарламасын
қамырды көтеру үшін пайдалана аласыз.
Қамырды көтеру – бұл қамырды пісіру алдында
дайындау кезеңі. Көтеру кезінде қарқынды ашу
жүреді, қамырдың құрылымы қалпына келеді,
оның көлемі анағұрлым өседі. Қамырды сәтті
толықсыту үрдісінің негізгі шарттарының бірі
азынақтың болмауы және «МУЛЬТИРЕЖИМ»
бағдарламасында қоюға болатын +40°C
шамасындағы тұрақты температураны ұстап
тұру болып табылады.
Қамырды дайындау әдісі:
400 гр. ұн
350 мл. сүт (сумен араластыруға болады)
Тұз
Қант
1,5 шай қасық құрғақ ашытқы
1,5 ас қасық сары май
• Барлық құрғақ құрамдас бөліктерді
араластырыңыз, соңында сүт қосыңыз.
Жақсылап миксермен бұлғаңыз, тостағанға
(12) салыңыз.
• «Мультирежим» батырмасын басыңыз,
+40°C-ден +45°С-ге дейін температураны
белгілеңіз.
• «Мультирежим» батырмасына қайта
басыңыз және жұмыс ұзақтығын 1 сағатқа
белгілеңіз.
Ескертпе:
- Ең жақсы нәтижеге жету үшін
режим аяқталғанға дейін құрылғы қақпағын (4)
ашпаңыз.
Тазалау және күтім
• Желілік сым айырын электрлік розеткадан
суырып, құрылғыны суытыңыз.
• Ылғалды жинауға арналған ыдыстың (8)
толуы жағдайында ыдысты (8) шешіңіз және
одан толған сұйықтықты төгіңіз.
• Корпус (1) пен қақпақты (4) аздап суланған
шүберекпен сүртіп, кейін құрғақ қылып
сүртіңіз.
• Барлық шешілмелі бөлшектерді бейтарап
жуғыш заты бар жұмсақ ысқышпен жуыңыз,
ағын сумен шайыңыз және құрғатыңыз.
• Бу клапанын (7) алыңыз, ол үшін қақпақтың
(4) сырт жағынан оны басыңыз, содан кейін
төменгі бөлігін «АШЫҚ» қалпына бұрап
бұзыңыз.
• Бу клапанын (7) жуыңыз және оны
клапанның төменгі бөлігін «ЖАБЫҚ»
қалпында бекітілгенге дейін бұрап, жинаңыз.
Бу клапанды (7) орнына орнатыңыз.
• Тостағанды (12) ыдыс жуатын машинаға
салуға тыйым салынады.
• Қыздырғыш элементтің бетін (салқын
күйінде ғана) сүртіңіз, ешбір жағдайда
судың аспап корпусының ішіне тиюіне жол
бремеңіз.
• Құрылғының корпусын, желілік шнурды
және желілік шнур ашасын суға немесе кез
келген басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
• Қажайтын және жегіш жуғыш заттарды
пайдалануға тыйым салынады.
Сақтау
• Құрылғыны сөндіріңіз және оны тазаладуы
жүргізіңіз.
• Құрылғыны құрғақ, салқын, балалардың
қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
Жеткізілім жинағы
Мультипісіргіш – 1 дн.
Тостаған – 1 дн.
Буға пісіруге арналған табақ – 1 дн.
Ожау – 1 дн.
Қалақ – 1 дн.
Өлшеуіш стақан – 1 дн.
Нұсқаулық – 1 дн.
Техникалық сипаттары
Электрқорегі: 220-240 В ~ 50/60 Гц
Максималды қажет ететін қуаты: 900 Вт
Тостаған көлемі: 5 л
Өндіруші құрылғы сипаттамаларын алдын-
ала хабарлаусыз өзгерту құқығын сақтайды
Құрылғының жұмыс уақыты – 3 жыл
Гарантиялық мiндеттiлiгi
Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан
бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға
ғана берiледi. Осы гарантиялық мiндеттiлiгiндегi
шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе
квитанциясын көрсетуi қажет.
MW-3815.indd 29
30.05.2014 12:08:50