![background image](/i/redmond/145278/redmond-rmc-210/h/redmond-rmc-210-066.png)
66
«ПЛОВ» бағдарламасы
Етпен, балық немесе көкөніспен палау жасауға кеңес беріледі. Әдепкіде
әзірлеу уақыты — 1 сағат. Орнату қадамы 5 минут болатын 10 минуттан 2
сағатқа дейін қолмен орнатуға болады.
«СУП» бағдарламасы
Түрлі бірінші тағамдар, сонымен қатар компоттар мен сусындар әзірлеуге
кеңес беріледі. Әдепкіде әзірлеу уақыты — 1 сағат. Орнату қадамы 5 минут
болатын 10 минуттан 8 сағатқа дейін қолмен орнатуға болады.
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Пісірме (кекстер, бисквиттер, пирогтар) әзірлеуге кеңес беріледі. Әдепкіде
әзірлеу уақыты — 45 минут. Орнату қадамы 5 минут болатын 10 минуттан 8
сағатқа дейін қолмен орнатуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Қилы нан түрлерін пісіруге кеңес беріледі. Бағдарлама екі кезеңнен тұрады: қамырды
тындыру мендайын өнімді пісіру. Әдепкіде әзірлеу уақыты — 3 сағат. Орнату қадамы
5 минут болатын 10 минуттан 6 сағатқа дейін қолмен орнатуға болады.
Cіз таңдаған кеңестерді ұстана отырып, қамыр илеңіз. Қамырды табаққа салыңыз.
Табақты мультипісіргіш корпусына орнатыңыз. Барлық құрамдастардың табақтың
ішкі бетіндегі “1/3” белгісінен төменде болғанын қадағалаңыз. Ары қарай
«Автоматты бағдарламаларды қолданудағы әрекеттердің жалпы тәртібі»
тарауының 2–10 тармақшасын басшылыққа алыңыз. Мультипісіргіш қақпағын
пісіру үдерісі толық аяқталғанша ашпаңыз.
«Стартты шегеру» функциясын қолдануға кеңес берілмейді,өйткені бұл
пісіру сапасына әсер етуі мүмкін.
Нан пісіргенде мультипісіргіштің осы үлгісінің жинағында жеткізілетін
«120 рецепті» кітабының нұсқауларын қатаң ұстаныңыз.
«ЖАРКА» тобының бағдарламалары
Ет пен ет өнімдерін, құс етін, балық пен теңіз өнімдерін, сонымен қатар
көкөніс қуыруға кеңес беріледі. Әдепкіде әзірлеу уақыты таңдалған ішкі
бағдарламаға байланысты («Выбор продукта» түймешіктерін басып
орнатылады): «МЯСО» («Ет») — 18 минут, «ПТИЦА» («Құс») — 17 минут, «РЫБА»
(«Балық») — 15 минут, «ОВОЩИ» («Көкөністер») — 16 минут. Орнату қадамы
1 минут болатын 5 минуттан 2 сағатқа дейін қолмен орнатуға болады.
«Стартты шегеру» функциясы бұл топтың бағдарламаларында қол жетімсіз.
Азықтарды қақпағын ашып қуыруға рұқсат етіледі.
«МОЛОЧНАЯ КАША / КРУПЫ» бағдарламасы
Майы аз пастерленген сүтті пайдаланып, ботқаны әзірлеуге, сонымен қатар
жармаларды пісіруге және гарнир әзірлеуге арналған. Әдепкі әзірлеу уақыты
— 35 минут. Орнату қадамы 1 минут болатын 5 минуттан 4 сағатқа дейін
қолмен орнатуға болады.
Сүтті ботқаларды мультипісіргіште әзірлеу бойынша кеңестер
Сүт тасымай, қажетті нәтижеге жету үшін әзірлеудің алдында келесі
әрекеттерді жасауға кеңес беріледі:
• барлық дәні тұтас жарманы су таза болғанынша мұқият жуу (күріш,
қарақұмық, тары және т.б.);
• мультипісіргіш табасына әзірлеудің алдында сары май жағу;
• құрамдастарды рецепттер кітабының кеңестеріне сәйкес өлшеп,
қатынастарды қатаң ұстану (құрамдастардың мөлшерін тек қатынасты
азайту немесе көбейту);
• майлы сүтті пайдаланылғанда оны 1:1 қатынаспен ауыз сумен
араластырыңыз.
Сүт пен жарманың сипаттары өндірілген жері мен өндірушісіне
байланысты ерекшеленуі мүмкін, бұл кейде әзірлеу нәтижесіне әсер етеді.
Егер «МОЛОЧНАЯ КАША / КРУПЫ» бағдарламасында қажетті нәтиже
болмаса, «МУЛЬТИПОВАР» әмбебап бағдарламасын пайдаланыңыз. Сүтті
ботқаны әзірлеудің тиімді температурасы 95ºС құрайды. Құрамдастардың
мөлшері мен әзірлеу уақытын рецептке сәйкес орнатыңыз.
«ТУШЕНИЕ/ХОЛОДЕЦ» тобының бағдарламасы
Ет пен ет өнімдері, балық, теңіз өнімдері мен көкөністерді буқтыруға, сонымен
қатар ұзақ жылумен өңдеуді талап ететін іркілдек пен басқа тағамды әзірлеуге
арналған. Әдепкі уақыт таңдалған ішкі бағдарламаға байланысты («Выбор
продукта» түймешігі басылып орнатылады): «МЯСО» («Ет») — 1 сағат, «ПТИЦА»
(«Құс») — 50 минут, «РЫБА» («Балық») — 35 минут, «ОВОЩИ» («Көкөністер»)
— 45 минут. Орнату қадамы 5 минут болатын 10 минуттан 12 сағатқа дейін
қолмен орнатуға болады.
«ВАРКА/БОБОВЫЕ» тобының бағдарламасы
Ет, құс еті, балық, көкөністер мен бұршақтарды асуға кеңес беріледі. Әдепкі уақыт
таңдалған ішкі бағдарламаға байланысты («Выбор продукта» түймешігі басылып
орнатылады): «МЯСО» («Ет») — 1 сағат, «ПТИЦА» («Құс») — 50 минут, «РЫБА»
(«Балық») — 35 минут, «ОВОЩИ» («Көкөністер») — 45 минут. Әзірлеу уақытын 5
минуттан 8 сағатқа дейін аралықта 5 минут қадамымен қолмен орнатуға болады.
Бұршақтарды асқанда әдепкі әзірлеу уақытын «120 рецепт» кітабының
кеңестеріне сәйкес көбейту керек.
«ЙОГУРТ/ТЕСТО» бағдарламасы
Йогурттың әр түрлерін әзірлеуге және ашытқы қамырын тұрғызып қоюға
кеңес беріледі. Әдепкі әзірлеу уақыты — 8 сағат. Әзірлеу уақытын 10 минуттан
12 сағатқа дейін аралықта 5 минут қадамымен қолмен орнатуға болады. Осы
бағдарламада автоматты түрде қыздыру функциясы қол жетімсіз.
III. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТУ
• Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажырағанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз.
• Жұмсақ мата мен абразивті емес ыдыс жуатын құралдарды
пайдаланыңыз. Аспапты пайдаланған соң бірден тазалауға кеңес береміз.
Назар аударыңыз! Тазалаған кезде абразивті заттарды, жабындысы
абразивті губкаларды және химиялық белсенді заттарды пайдалануға
тыйым салынады. Аспаптың корпусын суға батыруға немесе су ағынына
салуға тыйым салынады.
• Бірінші рет пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң иісті кетіру
үшін әдепкі уақытты өзгеріссіз қалдырып, жарты лимонды «НА ПАРУ
– РЫБА» бағдарламасында қайнатуға кеңес береміз.
• Табақ пен алюминий қақпағын* пайдаланған сайын тазалау керек.
Табақты жуу үшін ыдыс жуатын машинаны пайдалануға болады. Тазалау
аяқталысымен табақтың сыртқы бетін құрғатып сүртіңіз.
• Бу клапанын да пайдаланған сайын тазалауға кеңес беріледі. Бу клапанын
тазалау үшін оны абайлап шешіп, толық бұзыңыз, одан кейін ағынды суда
мұқият жуып, кептіріңіз, керісінше бірізділікпен жинаңыз және орнына
орнатыңыз. Бу шығатын реттегішті 0 күйіне орнатып, оны күш салмастан
шешіп алыңыз. Содан кейін қақпақтың түбіндегі шығыңқы тұсынан жоғары
тартып, клапанның төменгі жағын алып шығыңыз да, өзіңізге қарай
тартыңыз. Клапан бөліктерін ағын сумен мұқият жуып, кептіріңіз. Алдымен
төменгі бөлігін орнына қойып, содан кейін жоғарғысын қойыңыз. Жоғарғы
жақты ұяшықта бекіту үшін будың шығуын реттегішті I–III күйіне қойыңыз.
• Тағамды әзірлеген кезде конденсат қалыптасуы мүмкін, ол аспап
корпусында табақ айналасындағы арнайы қуыста жиналады. Осы
конденсат сүлгі немесе асханалық майлықтың көмегімен жеңіл кетіріледі.
Аспаптың қыздыру камерасын тазалауды тек қатты кір тұрғанда ғана жүзеге
асырыңыз. Бүйірлік қабырғалар, қыздыру дискісінің беті мен дискінің
ортасындағы термоқадағаның қабығын ылғар (сулы емес) губкі немесе
майлықпен сүртуге болады. Егер сіз жуу құралын қолдансаңыз, оның
қалдықтарын мұқият кетіру қажет. Қыздыру дискісінің беті ластанғанда орташа
қаттылықтағы губкі немесе синтетикалық қылшақты қолдануға болады.
Термоқадағаның айналасындағы ойдымға бөтен заттар түскенде, оларды
қадағаның қабығын баспай, мұқият пинцетпен алып тастаңыз.
* Ішкі алюминий қақпақты алып тастау үшін бір мезгілде өзіңізге қарай
тартып, оның төменгі бөлігіндегі екі пластмассабекіткішті жоғары қарай
көтеріңіз. Тазалаған соң алынбалы қақпақ жоғарғы жағындағы шығыңқы
тұсты пазға салып, оны негізгі қақпақпен біріктіріп, бекіткіш аумағындағы
төменгі бөлікті сыртыл естілгенше басыңыз. Ішкі алюминий қақпағы тығыз
бекітілуі керек.
IV. СЕРВИС
-
ОРТАЛЫҚҚА ЖОЛЫҒУДЫҢ
АЛДЫНДА
Дисплейдегі қате
туралы хабарлама
Ықтимал ақаулар
Қатені жою
Е1 – Е5
Температуралық
қадағалардың
жұмысындағы
бұзушылықтар
Аспапты электр желіден ажыратыңыз,
суытыңыз. Қақпақты тығыз жабыңыз,
аспапты электр желіге қайта қосыңыз.
Егер қайта қосқан кезде қиындық
жойылмаса, авторландырылған сервистік
орталыққа жолығыңыз.
Ақау
Ықтимал себеп
Ақауды жою
Қосылмайды.
Электр желіден қоректену жоқ.
Электр желі кернеуін тексеріңіз.
Тағам өте ұзақ
дайындалады.
Электр желіден қоректену
жаңылысы.
Электр желі кернеуін тексеріңіз.
Табақ пен қыздыру элементі
арасына бөтен зат түсті.
Бөтен затты алып тастаңыз.
Табақ мультипісіргіш корпусына
тегіс орнатылмаған.
Табақты тегіс қисайтпай орнатыңыз.
Қыздыру элементі лас.
Аспапты электр желіден ажыратыңыз,
суытыңыз. Қыздыру элементін тазалаңыз.
V. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Осы бұйымға сатып алынған сәттен 25 ай мерзіміне кепілдік беріледі.
Өндіруші кепілдік кезеңі ішінде жөндеу, бөлшектерді ауыстыру немесе бүкіл
бұйымды ауыстыру жолымен материалдар немесе құрыдың сапасы
жетіспеушілігінен туындаған кез келген зауыттық ақауларды жоюға
міндеттенеді. Кепілдік тек сатып алу күні түпнұсқалық кепілдік талонында
дүкен мөрімен және сатушы қолымен расталған жағдайда ғана күшіне енеді.
Осы кепілдік тек бұйым пайдалану бойынша нсұқаулыққа сәйкес қолданылған,
жөнделмеген, бұзылмаған және онымен дұрыс жұмыс істемеу нәтижесінде
зақымданбаған, сонымен қатар бұйымның толық жинағы сақталған жағдайда
танылады. Осы кепілдік бұйымның табиғи тозуына және шығын
материалдарына таралмайды (сүзгілер, шамдар, қыш және тефлондық
тығыздауыштар және т.б.).
Бұйымның қызмет мерзімі мен кепілдік міндеттемелердің жарамдылық
мерзімі өндірілген кезден бастап немесе бұйым жасалған кезден бастап
есептеледі (егер сатылған күнін анықтау мүмкін болмаса).
Аспаптың өндірілген кезі бұйым корпусындағы сәйкестендіру жапсырмасында
орналасқан сериялық нөмірден табуға болады. Сериялық нөмір 13 белгіден
тұрады. 6-ші және 7-шы белгілер айды, 8-ші – құрылғы шыққан жылды білдіреді.
Өндіруші бекіткен аспаптың қызмет ету мерзімі бұйымның пайдаланылуы
осы нұсқаулық пен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жүруі
жағдайында сатып алынған күнінен 5 жыл құрайды.
Орамды, пайдаланушы нұсқаулығын, сонымен қатар аспаптың өзін
қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жергілікті бағдарламаға сәйкес пайдаға
асыру керек. Мұндай бұйымдарды әдеттегі тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз.