•
Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
бұндай жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін
жалынды қақпақ немесе өрт басқыш көрпе тәрізді
затпен жабыңыз.
•
Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
•
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
•
Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
•
Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз.
Қақпақты жабар алдында пештің үстін
салқындатып алыңыз.
•
Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы ысып
кетеді. Құрылғының ішіндегі қыздырғыш
элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтарды
немесе ыдыстарды алып-салған кезде үнемі қолғап
киіңіз.
•
Күтім көрсетер алдында электр желісінен
ажыратыңыз.
•
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
•
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
•
Егер қуат cымына зақым келсе, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету
орталығы немесе сол сияқты білікті маман
ауыстыруға тиіс.
•
Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз.
Ысып тұрады.
•
Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре
сырғытпасының алдыңғы жағын, содан кейін артқы
жағын бүйірлік қабырғадан тартыңыз. Сөре
сырғытпаларын кері реттілікпен салыңыз.
www.aeg.com
4