пайда болса, 5 үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі де үзіліс орын
алады, т.б. = 5-деңгей
пайда болса, 10 үзік-үзік дыбысты сигнал беріледі де үзіліс орын
алады, т.б. = 10-деңгей
4. Деңгейді өзгерту үшін A түймешігін басыңыз. Түймешікті басқан сайын
деңгей өзгереді (жаңа деңгейді таңдау үшін суретке қараңыз).
Мысалдар: егер ағымдық деңгей 5-те тұрса, A функция түймешігін бір
рет басу арқылы 6-шы деңгей таңдалады. егер ағымдық деңгей 10-да
тұрса, A функция түймешігін бір рет басу арқылы 1-ші деңгей
таңдалады.
5. Осы амалды құрылғы жадына енгізу үшін, On/Off түймешігін басып,
ыдыс жуғышты ажыратыңыз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану
Назарыңызда болсын!
Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды ғана пайдаланыңыз. Ыдыс
жуғышқа арналмаған басқа тұз түрлері, әсіресе, ас тұзы су жұмсартқышқа
зиян келтіреді. Тұз сауытына толық жуу бағдарламаларының бірін қосар
алдында ғана тұз салыңыз. Бұл тұз түйірлерінің немесе тұзды судың
машина түбіне төгіліп, төгілген жерінде ұзақ уақыт жатып тоттануды
болдырмауы үшін қажет.
Толтыру үшін:
1. Есікті ашыңыз да астыңғы себетті алып, тұз сауытының қақпақшасын
сағат бағытына қарсы айналдырып ашыңыз.
2. Сауыт ішіне 1 литр су құйыңыз (ең алғаш рет тұзбен толтырғанда ғана
осылай істеңіз) .
3. Берілген құйғышты пайдалана
отырып, сауытқа әбден толтыра
тұз салыңыз.
4. Қақпақшаны орнына салып,
қақпақшаның бұранда
жолақтарында немесе
тығыздағышында тұздың тұрып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
5. Қақпақшаны сағат тілінің
бағытына қарай "сырт" етіп
тоқтағанға дейін бұрай отырып,
өз орнына келтіріп нықтап
жабыңыз.
Сауытқа тұз салып жатқанда, су шетінен асып төгілсе, абыржымаңыз, бұл
қалыпты жағдай.
10
Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды қолдану