2) Автоматты жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда ыдыс-аяқтардың ластану деңгейі
судың қаншалықты лайланғанына қарап анықталады. Бағдарламаның ұзақтығы,
тұтынылатын су мен қуаттың көлемі де әртүрлі болуы мүмкін; бұл жуғыштың толықтай не
жартылай толтырылғандығына, ыдыс-аяқтардың жеңіл-желпі не аса қатты ластанғанына
байланысты. Судың температурасы автоматты түрде 50°C мен 65°C аралығында
орнатылады.
3) Жартылай толтырылған ыдыс жуғыш машина үшін тамаша жарайды. Бұл таңертеңгі және
кешкі астан қалған ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғысы келетін, 4 адамнан тұратын
жанұяның мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған, күнделікті колдануға жарайтын
тамаша бағдарлама.
4) Сынақ өткізетін мекемелерге арналған сынақ бағдарламасы.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
Жуу бағдарламасы мен кідіртіп бастау функциясын құрылғының есігі сәл
ашылыңқырап тұрғанда таңдаңыз. Бағдарлама немесе "кідіртіп бастау"
функциясының кері санағы, есік жабылғаннан кейін ғана басталады.
Бұған дейін орнатылған параметрлерді өзгертіп үлгеруге болады.
1. Себеттердің дұрыс толтырылғандығын тексеріп, бүріккіш түтіктердің
еркін айналуына ешнәрсенің кедергі келтірмейтіндігін тексеріңіз.
2. Су құбырының шүмегінің ашық тұрғандығына көз жеткізіңіз.
3. Қосу/Өшіру (On/Off) түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина
параметрлерді орнату күйінде тұруға тиіс.
4. Қажетті бағдарламаға сәйкес келетін түймешікті басыңыз ("Жуу
бағдарламалары" кестесіне қараңыз). Есікті жабыңыз, бағдарлама
автоматты түрде басталады.
Бағдарламаға "кідіртіп бастау" функциясын қосып орнату және
баптау
1. Жуу бағдарламасын таңдағаннан кейін, сандық бейнебетте
бағдарламаны кешеуілдету уақытының сандық мәні пайда болғанша
"кідіртіп бастау" түймешігін басып тұрыңыз. Таңдалған бағдарламаны
1-ден 19 сағатқа дейін кідіртіп бастауға болады.
2. Машинаның есігін жабыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады.
3. Кері санақ 1 сағат шамасына кеміп отырады.
4. Есікті ашу кері санақты кідіртеді. Есікті жабыңыз; кері санақ тоқтаған
жерінен әрі қарай жалғасады.
5. Кері санақ аяқталғаннан кейін бағдарлама автоматты түрде
басталады.
Жуу бағдарламасы басталғаннан соң, ыдыс-аяқ жуғыш есігінің астындағы
еденде нүкте пішіндес оптикалық шам пайда болады.
Бұл оптикалық шам, жуу бағдарламасының соңына дейін жанып тұрады.
Егер машина жиһаздың ішіне биіктетіле орнатылса, онда оптикалық шам
көрінбей қалуы мүмкін.
Жуу бағдарламасын таңдау және бастау
21