6. Тегіс сүзгіні жуу бөлімінің түп
жағынан шығарып алып, екі
жағын жақсылап жуыңыз.
7. Тегіс сүзгіні қайтадан жуу
бөлімінің түбіндегі орнына
орналастырыңыз және оның өз
орнына дұрыс орналасқанына көз
жеткізіңіз.
8. ( A )Ірі көзді сүзгіні микро-сүзгінің
( B ) ішіне салып, екеуін бірге
басыңыз.
9. Құрама сүзгілерді әдепкі орнына
орналастырып, ұстағышын сағат бағытына қарай тоқтағанша
бұраңыз. Осы кезде тегіс сүзгінің жуу бөлімінің үстінен шығып
қалмасына көз жеткізіңіз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаны сүзгілерсіз ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. Егер
сүзгілерді дұрыс орнатпасаңыз, жуу нәтижелері қанағаттанғысыз болып,
нәтижесінде машинаға нұқсан келуі мүмкін.
Бүріккіш түтіктерді тазалау
Бүріккіш түтіктерді ЕШҚАШАН алып тастауға әрекет жасамаңыз.
Егер кір қалдықтары су бүріккіштерінің тесіктерін бітеп қалса, оларды
жіңішке шырпымен тазалаңыз.
Сыртын тазалау
Машинаның сыртын және басқару панелін дымқыл жұмсақ матамен
тазалаңыз. Егер қажет болса, нейтрал жуғыш затты пайдаланыңыз.
Сырты тегіс емес сызаттандыратын заттарды, түрпілі тазалағыштарды
немесе еріткіштерді (ацетон, трихлорэтилен, т.с.с.) пайдаланбаңыз.
Ішін тазалау
Есік айналасындағы тығыздағыштарды, жуғыш және шайғыш зат
сауыттарын мезгіл-мезгіл дымқыл матамен тазалап тұрыңыз.
Әр 3 ай сайын жуғыш затты пайдаланып, аса кірлеген ыдыс-аяқтарды
жууға арналған бағдарламаны ешбір ыдыс-аяқсыз орындап тұруды
ұсынамыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланбау
Егер машинаны ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, сізге берер кеңесіміз:
1. Машинаны электр желісінен ажыратып, содан кейін суды өшіріп
тастаңыз.
2. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін, есікті ашыңқырап қойыңыз.
3. Машинаның ішін тазалап қойыңыз.
24
Күтім және тазалау