Функция түймешіктері
Осы түймешіктер арқылы келесі функцияларды орнатуға болады:
• су жұмсартқышты орнату,
• жуу бағдарламасын немесе орындалып тұрған "кідіртіп бастау"
функциясын болдырмау,
• "Multi tab" функциясын қосу/тоқтату
• "Multi-tab" функциясы қосылып тұрған кезде, шайғыш затты үлестіргішті
белсенді күйге көшіру/ажырату,
• дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіру/өшіру.
Параметрлерді орнату күйі
Барлық бағдарлама шамдары жанып тұрғанда, машина параметрлерді
орнату күйінде болады.
Келесі әрекеттерді орындап жатқанда әрқашан есіңізде болсын:
• жуу бағдарламасын таңдағанда
• су жұмсартқышты баптағанда,
• шайғыш зат үлестіргішін белсенді күйге көшіргенде/ажыратқанда,
• дыбысты сигналдарды белсенді күйге көшіргенде/ажыратқанда
құрылғы міндетті түрде параметрлерді орнату күйінде болуға ТИІС .
Егер бағдарлама шамы жанып тұрса, бұл соңғы орындалған бағдарлама
әлі де орнатылып тұр дегенді білдіреді.
Осы жағдайда параметрлерді орнату күйіне қайтып оралу үшін,
бағдарламаны біржола тоқтату керек.
Орындалып жатқан бағдарламаны немесе орнатылған бағдарламаны
болдырмау үшін : RESET жазуының үстіндегі екі бағдарлама түймешігін
барлық бағдарлама шамдарының түйшектері жанғанша қатар басып
ұстап тұрыңыз. Бағдарлама тоқтатылып, машина енді параметрлерді
орнату күйіне көшірілді.
Дыбысты сигналдар
Машина қай операцияны орындап жатқанын оңай анықтау үшін дыбысты
сигналдар енгізілген:
• су жұмсартқышты орнатқанда
• бағдарламаның соңы
• құрылғы дұрыс жұмыс істемеген кезде, ескерту сигналының іске
қосылады.
Зауытта орнатылған параметр: дыбысты сигналдар белсенді күйге
көшірілген.
Функция түймешіктері арқылы естілетін сигналдарды ажыратып қоюға
болады.
1. Қосу/Өшіру түймешігін басыңыз. Ыдыс жуғыш машина параметрлерді
орнату күйінде тұруға тиіс.
2. A , B және C шамдары жыпылықтай бастағанға дейін, B және C
функция түймешіктерін бір уақытта басып ұстап тұрыңыз.
Басқару панелі
7