Канализация құбырын раковинаның
астындағы түтікке қосу кезінде оның
пластмасса қабығын (A)тұтастай алып
тастау қажет . Егер бұл пластмасса
қабықты алып тастамасаңыз, тамақ
қалдықтары біртіндеп суды
канализацияға жіберетін түтікті қосатын
түтікшені толтырып қоюы мүмкін.
Біздің бұйымдарымыз жуынды судың
машинаға қайта құйылуынан сақтайтын
қауіпсіздік құрылғысымен жабдықталған. Егер сіздің раковинаңыздың
түтігі "қайтармайтын клапанмен" жабдықталса, онда бұл жуынды судың
машинадан дұрыс ақпауына ықпал тигізуі мүмкін. Сондықтан да біз бұл
клапанды алып тастауға кеңес береміз.
Электр желісіне жалғау
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік стандарттарының талабына сәйкес машина жерге қосылған
болуы керек.
Бұйымды бірінші рет пайдаланар алдында, жергілікті электр желісінің
кернеуі және оның берілу түрі техникалық талаптар тақтайшасында
көрсетілген талаптарға сай келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар, сақтандырғыш параметрлерін техникалық талаптар
тақтайшасынан табуға болады.
Ашаны әрқашан тұйықталудан сақтандырылған, дұрыс орнатылған
розеткаға қосыңыз. Бірнеше құрылғыларды тоқ көзінен қоректендіретін
қосқыш-ашаны, біріктіргіштерді және ұзартқыш кабельдерді пайдалануға
болмайды.
Олар қызып кетіп, өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
Егер қажет болса, үйіңіздегі электр желісіндегі розетканы ауыстырып
алыңыз. Егер электр кабелін ауыстыру қажет болса, жергілікті қызмет
көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Бұйымды орнатып болғаннан кейін, бұйымды тоқ көзіне қосатын аша қол
жетер жерде болуы керек.
Қосқышты электр желісінен ажырату үшін, ешқашан оның сымынан
тартпаңыз. Әрдайым ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
Жоғарыда көрсетілген сақтық шаралары жүзеге асырылмағандықтан
орын алған ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Қоршаған орта мәселелері
Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы белгісі осы бұйым кәдімгі
үй қалдығы емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр
және электроникалық бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы
контейнерлерге салуыңыз керек. Осы бұйымды дұрыс түрде утилизация
Қоршаған орта мәселелері
31