Басқару панеліндегі тұз шамы, егер ыдыс жуғыш машина қосылулы тұрса,
тұз салынған соң, 2 сағаттан 6 сағатқа дейін жанып тұрады. Егер ұзақ
еритін тұзды пайдалансаңыз, бұл уақыт шамасы да арта түседі.
Машинаның жұмысына кері әсерін тигізбейді.
Шайғыш затты пайдалану
Назарыңызда болсын!
Тек ыдыс жуғыштарға арналған сапалы шаю заттарын ғана
пайдаланыңыз.
Шайғыш зат сауытына ешбір басқа зат (мысалы, ыдыс жуғышты
тазалағыш зат, сұйық тазалағыш заттар) салмаңыз. Бұл құрылғыға нұқсан
келтіруі мүмкін.
Шайғыш зат, ыдыс-аяқтардың әбден шайылып, дақсыз, жолақсыз
құрғатылуын қамтамасыз етеді.
Шайғыш зат ең соңғы шаю кезеңінде автоматты түрде қосылады.
1. Ашуға арналған (A)түймешікті
басып, сауытты ашыңыз.
2. Сауыт ішіне шайғыш заттан
салыңыз. "max" таңбаламасы
шайғыш затты салу мөлшерінің ең
шегін көрсетеді.
Шайғыш зат сауыты осы заттың
қосылу мөлшеріне байланысты
16-40 жуу бағдарламасына
жетерлік, 110 мл жуық шайғыш
затты сыйғыза алады.
3. Әрбір толтырудан соң
қақпақшаның жабылғанына көз
жеткізіңіз.
Шайғыш затты пайдалану
11