Құйылатын судың
қысымы
Ең аз - Ең көп (МПа)
0,05 - 0,8
Өнімділік
Орын параметрлері
9
Макс. салмақ
кг
35
Орнату туралы нұсқаулар
Орнату
Назарыңызда болсын!
Осы машинаны орнатуға қажет электр және су, канализация жүйесіне
қосу жұмыстарын тек қана білікті электрик, сантехник немесе білікті маман
атқаруы керек.
Машинаны орналастырмас бұрын,орам материалдарының барлығын
алыңыз.
Мүмкін болса, машинаны су құбырының шүмегі мен канализацияға
қосылатын жердің қасына орналастырыңыз.
Бұл ыдыс жуғыш машина ас үй жиһазының ішіне, не үстелдің астында
орналастыруға лайықтап жасалған.
Назар аударыңыз! Ыдыс жуғыш машинаны жиһаздың ішіне орнатып,
жиһаз панелін орналастыру туралы қосымша үлгіде берілген
нұсқауларды мұқият сақтаңыз.
Суды беру, суды канализацияға жіберу және электр желісіне қосу сияқты
негізгі жүйелерді жиһаз қабырғасынан сыртқа өткізетін тесіктерден басқа
ешбір тесікті ойып орнатудың қажеті жоқ.
Жуғыштың биіктігін орнату үшін аяқтарын пайдаланыңыз.
Ыдыс жуғыштың ішкі құрамдас бөлшектеріне қатысты жұмыстар
жүргізілгенде, оны электр желісінен ажыратыңыз.
Машинаны кіргізіп орналастырмас бұрын, су беретін және жуынды суды
канализацияға жіберетін түтіктердің, электр желісіне қосатын кабельдің
шиеленісіп, не жаншылып қалмағандығына көз жеткізіңіз.
Іргелес орналасқан заттарға жанастыра бекіту
Ыдыс жуғышты жантаюдан сақтаңыз.
Сондықтан да, ыдыс жуғыш машина жиһазының іргелес жатқан
жиһаздарға(көршілес ас үй бөлімдері, қабырға немесе шкаф) берік
жанастырыла бекітілгенін тексеріңіз.
Тіктеп орнату
Машинаның есігі жақсы жабылу үшін оны дұрыс тіктеп орнатудың маңызы
зор. Машина дұрыс тіктеліп орнатылса, оның есігі ашылғанда, шкафтың
екі жағы тұтылып қала бермейді. Егер есік дұрыстап жабылмаса,
өзгертпелі аяқтар арқылы машинаны жөндеп тіктеп қойыңыз.
28
Орнату