Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне
байланысты не пеш жұмысына қатысты тәжірибесі мен білімінің
аздығына байланысты қолдана алмайтын адамдар (балаларды қоса
алғанда) пайдаланбауға тиіс. Олар пайдалану туралы ерекше
нұсқаулар алуға не өз қауіпсіздігіне ие адамның қадағалауында болуға
тиіс.
• Тазалауға арналған заттар көз бен ауыз қуысын және қолқаны
химиялық күйікке шалдықтыруы мүмкін. Бұндай жағдай өміріңізге қатер
төндіреді! Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттарды
өндірушінің қауіпсіздік туралы нұсқауларын орындаңыз.
• Ыдыс жуғыш машинадағы су ішуге жарамсыз. Құрылғының ішінде
жуғыш зат қалдықтары әлі де бар болуы мүмкін.
• Егер құрылғының ішіне ыдыстарды салып, не оларды алып
жатпасаңыз, ыдыс жуғыш машина есігі әрдайым жабық болуы керек.
Осылайша, кез келген адамның ашылып тұрған есікке сүрініп-
шалынып, бір жерін жарақаттап алуына жол бермейсіз.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отыруға немесе үстіне шығып тұруға
болмайды.
Бала қауіпсіздігі
• Бұл машина тек ересек адамдардың пайдалануға арналған. Балаларға
ыдыс жуғыш машинаны үлкендердің бақылауынсыз пайдалануға
рұқсат бермеңіз.
• Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.
• Барлық жуғыш заттарды балалар жете алмайтын жерде сақтаңыз.
• Ыдыс жуғыш машина есігі ашық тұрған кезде, балалардың жақын
келуіне жол бермеңіз.
Орнату
• Ыдыс жуғыш машинаны көлікпен тасымалдау барысында, оның ешбір
жеріне нұқсан келмегенін тексеріңіз. Бұзылған құрылғыны ешқашан
электр желісіне қоспаңыз. Ыдыс жуғыш машина бұзылып қалса, осы
құрылғыны сатушымен хабарласыңыз.
• Пайдаланар алдында оның барлық орауыштары мен қорабын алып
тастау қажет.
• Осы құрылғыны орнатуға қатысты электрлік және су жіберу мен
қанализация жүйесіне қосу жұмыстарын, осы салада маманданған
және білікті адам жүзеге асыруға тиіс.
• Қауіпсіздік мақсатында осы құрылғының техникалық сипаттарына
өзгерістер кіргізіп немесе өнімнің өзін қандай да бір болмасын жолмен
өзгертуге болмайды.
4
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар