3. C функция түймешігін басыңыз, A және B түймешіктерінің шамы өшеді
де, C функция түймешігінің шамы жанып-сөніп тұра береді. Сандық
бейнебетте ағымдық параметр пайда болады.
= Дыбысты сигналдар ажыратылған
= Дыбысты сигналдар қосылған
4. Параметрді өзгерту үшін C функция түймешігін қайта басыңыз: сандық
бейнебетте жаңа параметр пайда болады.
5. Операцияны ыдыс жуғыш машинаның жадына енгізу үшін оны
ажыратыңыз.
Ең алғаш рет пайдалану
Ыдыс жуғыш машинаны ең алғаш рет пайдаланбас бұрын:
• Электр желісіне және су жүйелеріне қосу жұмыстарының құрылғыны
орнату нұсқауларына сай жүзеге асырылғанын тексеріңіз.
• Құрылғының ішінен барлық орауыштарды алыңыз
• Су жұмсартқышты баптаңыз
• Тұз сауытының ішіне 1 литр су құйып, содан кейін ыдыс жуғыш
машинаға арналған тұзды салыңыз
• Шайғыш зат үлестіргішті толтырыңыз
Егер таблетка пішіндес, келесі көрсетілгендегідей құрама жуу заттарын
пайдалансаңыз: "3 in 1", "4 in 1", "5 in 1" және т.б., "Multi-tab" функциясын
орнатыңыз ("Multi-tab" функциясы тарауын оқыңыз).
Су жұмсартқышты баптаңыз
Бұл ыдыс жуғыш, қосылатын судың құрамындағы машинаға зиян
келтірерлік немесе оның қызметінің тиімділігін төмендетерлік
минералдар мен тұздарды алып тастауға лайықтап жасалған суды
жұмсартқышпен жабдықталған.
Осы минералды заттар мен тұздардың мөлшері неғұрлым көп болса,
судың кермектігі да соғұрлым жоғары болады. Су кермектігі балама
өлшемдер арқылы өлшенеді - Германияның өлшемі (°dH), Францияның
өлшемі (°TH) және ммоль/л (бір литрдегі миллимоль - су кермектігін
өлшейтін халықаралық өлшем).
Су жұмсартқыш аймағыңыздағы су кермектігіне сәйкес бапталу керек.
Аймағыңыздағы су кермектігі туралы мәліметтерді жергілікті су
шаруашылығын басқаратын мекемеден ала аласыз.
Су жұмсартқыш екі тәсіл бойынша бапталынады: су кермектігі деңгейін
өзгертетін сандық диск арқылы қолмен және электрондық тәсілмен.
8
Ең алғаш рет пайдалану