![background image](/i/redmond/150589/redmond-rmk-m911/h/redmond-rmk-m911-031.png)
RMK-M911
31
KAZ
5. Қақпақты ашу түймешігі
6. Дисплейлі басқару панелі
7. Корпус
8. Тасымалдау тұтқасы
9. Шешілмелі бу клапаны
10. Жайпақ табақ
11. Көже қасығы
12. Өлшеу стақаны
13. Буда әзірлеуге арналған контейнер
14. Йогуртқа арналған құты
15. Ожау және қасыққа арналған ұстағыш
16. Элетр қоректендіргіш шнур
17. Таба
18. Қысқыш
Басқару панелінің элементтері
A2
1. «Подогрев/Отмена» («Жылу/Болдырмау») түймешігі— автоқыздыру функциясын қосу/
өшіру; әзірлеу бағдарламасының жұмысын тоқтату; енгізілген параметрлерді түсіру.
2. «Отложенный старт» («Шегерілген старт») түймешігі — шегерілген старт уақытын
орнату режимін қосу.
3. «Температура» («Температура») түймешігі— «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында
әзірлеу температурасын орнату режимін қосу.
4. «Час» («Сағат») түймешігі — сағат теңшеу және стартты шегеру режимдерінде сағат
мәндерін таңдау.
5. «Мин» («Мин») түймешігі — сағат теңшелімдері мен стартты шегеру режимдерінде
минут таңдау.
6. «Экспресс» («Экспресс») түймешігі — «ЭКСПРЕСС» бағдарламасын іске қосу.
7. «Меню» («Мәзір») түймешігі — автоматты әзірлеу бағдарламасын таңдау; автоқыз-
дыру функциясын алдын ала өшіру.
8. «Старт» («Старт») түймешігі — әзірлеу бағдарламасын іске қосу.
9. Дисплей.
Дисплей құрылымы
A3
1. «ЭКСПРЕСС» автоматты бағдарламасын орындау индикаторы.
2. Әзірлеу/қыздыру бағдарламасы жұмысының индикаторы.
3. Әзірлеу кезеңдерінің индикаторы.
4. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында белгіленген температураның индикаторы.
5. «Отложенный старт» функциясы жұмысының индикаторы.
6. Әзірлеу бағдарламасы жұмысының.
7. Таймер.
8. Таңдалған автоматты әзірлеу бағдарламасының индикаторы.
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАР АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз! Бұйымда сериялық
нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан автоматты түрде айырыласыз.
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Бұйым корпусын ылғал матамен сүртіп, табақты жуыңыз және кептіріңіз. Аспапты алғашқы
пайдаланылғанда бөтен иіс шықпау үшін оны тазалаңыз («Аспапты күтуді» қараңыз).
Аспапты бу клапанынан шығатын ыстық бу түсқағаз, декоративті жабындылар, электрон-
дық аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температурадан зардап шегуі мүмкін басқа
заттарға немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында мультиасүйдің сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөліктерінде зақым,
жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру элементі арасында
бөтен зат болмауы керек.
II. МУЛЬТИАСҮЙДІ ПАЙДАЛАНУ
«MASTERFRY» функциясы
A5
REDMOND RMK-M911 көтерме қыздыру элементтерімен жабдықталған.Осының арқасын-
да мультиасүйдерінде сіз тек тостаған ғана емес, сонымен қатар жарасымды табаны да
қолдана аласыз.
Қыздыру элементінің күйін өзгерту үшін қауіпсіздік мақсаттарында шымшуырды
қолданыңыз (жеткізу жиынтығына кіреді).
Жоғары айқындамаға қыздыру элементін орнату үшін, оны тірегінен мұқият көтеріңіз және
жұмыс камераларының қабырғаларындағы қиманы сенімді бекітуіне дейін сағат тілі
бойымен жеңіл айналдырыңыз.
Төменгі айқындамаға дискілік қыздырғышты орнатуда бекіту жұмыс камерасының қабы-
рғаларындағы қимасынан шығуы үшін, жайлап көтеріңіз және сағат тіліне қарсы дискіні
жеңіл айналдыра отырып, мұқият түсіріңіз.
Егер аспап электр желісіне қосылған болса, қыздыру элементінің күйін өзгертуге
тырыспаңыз!
Егер дискілік қыздырғыш элементін жоғары айқындамада орнатылған болса, аспап
қақпағын жабуға рұқсат етілмейді.
Мультиасүйдерінде дайындау үшін, жеткізілім жиынтығына кіретін табасын ғана
пайдаланыңыз.
«Отложенный старт» функциясы
Осы функция таңдалған әзірлеу бағдарламасы жұмысын бастайтын уақыт интервалын
тапсыруға мүмкіндік береді (бағдарлама жұмысының уақытын ескере отырып). Уақытты
10 минуттан 24 сағатқа дейін диапазонында 10 минут орнату қадамымен шегеруге бола-
ды. Шегеру уақыты белгіленген әзірлеу уақытына қарағаннан көбірек болуы тиіс «Старт»
түймешігін басқан соң бірден жұмысын бастайды.
Бағдарлама, температура мәндері мен әзірлеу уақыты таңдалған соң шегерілген старт
уақытын орнатуға болады:
1. «Отложенный старт» түймешігін басу арқылы шегерілген старт уақытын орнату режимін қо-
сыңыз. Дисплейде «Отложенный старт» жазуы пайда болып, таймер жыпылықтай бастайды.