![background image](/i/redmond/150589/redmond-rmk-m911/h/redmond-rmk-m911-033.png)
RMK-M911
33
KAZ
5 минуттан 12 сағатқа дейін. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты
15 минут құрайды.
«Автоматты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 1-4
т. ұстаныңыз. «Температура» түймешігін басып ұстап тұрып, рецептілер кітабында көр-
сетілген әзірлеу температурасны орнатыңыз. «МУЛЬТИПОВАР» бағдарламасында әдепкі
орнатылған температура 100°С-ді құрайды. Әзірлеу температурасы орнатылған соң «Ав-
томатты бағдарламаларды пайдаланылғанда жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 5-9 т.
ұстаныңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тағамды әзірлеу температурасы 80°С дейін болғанда Автоқызды
-
ру функциясы өшеді. Қажет болғанда әзірлеу бағдарламасы іске қосылған соң «Меню»
түймешігін басып және бірнеше секунд ұстап оны қолмен қосуға болады.
«МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасы
Сүт ботқасын әзірлеуге кеңес беріледі. «МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасында әдепкі
әзірлеу уақыты 10 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен 5 ми-
нуттан 1 сағат 30 минутқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады.
Бағдарлама майы аз пастерленген сүттен ботқа әзірлеуге арналған. Сүтті тасытпай, қажет-
ті нәтижеге жету үшін келесіге кеңес беріледі:
•
барлық дәні бүтін жарманы су таза болғанынша мұқият жуу (күріш, қарақұмық, тары
және т.б.);
•
мультиасуй табасына әзірлеудің алдында сары май жағу;
•
құрамдастарды рецепттер кітабының кеңестеріне сәйкес өлшеп, қатынастарды қатаң
ұстану, құрамдастардың мөлшерін тек қатынасты азайту немесе көбейту;
•
майлы сүтті пайдаланылғанда оны 1:1 қатынаспен ауыз сумен араластырыңыз.
Егер «МОЛОЧНАЯ КАША» бағдарламасында қажетті нәтиже болмаса, «МУЛЬТИПОВАР»
әмбебап бағдарламасын пайдаланыңыз. Сүтті ботқаны әзірлеудің тиімді температурасы
95°С құрайды.
«ТУШЕНИЕ» бағдарламасы
Көкөніс, ет, құс еті, теңіз өнімдерін бұқтыруға кеңес беріледі. «ТУШЕНИЕ» бағдарламасын-
да әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағат құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен
20 минуттан 12 сағатқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады.
«ЖАРКА» бағдарламасы
Ет, көкөніс, құс еті, теңіз өнімдерін қуыруға кеңес беріледі. «ЖАРКА» бағдарламасында
әдепкі әзірлеу уақыты 15 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1 минут орнату қадамымен
5 минуттан 1 сағат 30 минутқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады. Азықты аспап-
тың қақпағын ашып қуыруға болады.
«Отложенный старт» функциясы осы бағдарламада қол жетімсіз.
«СУП» бағдарламасы
Сұйық тағамды, сонымен қатар компоттар мен басқа сусындарды әзірлеуге кеңес беріледі.
«СУП» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын
5 минут орнату қадамымен 20 минуттан 8 сағатқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға
болады.
«НА ПАРУ» бағдарламасы
Буда көкөніс, балық, ет, диеталық және вегетариандық тағамды, бала мәзірін әзірлеуге
кеңес беріледі. «НА ПАРУ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 15 минут құрайды.
Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 5 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта қолмен
орнатуға болады. Осы бағдарламада әзірлеу уақыты су қайнаған соң басталады.
Көкөніс пен басқа азықты буда әзірлегенде:
1. Табаққа 600-1000 мл су құйыңыз. Буда әзірлеуге арналған контейнерді табаққа
орнатыңыз.
2. Азық-түлікті рецептке сәйкес өлшеп, дайындаңыз, оларды буда әзірлеуге арналған
контейнерде біркелкі таратыңыз.
3. «Автоматты бағдарламалар пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының
2-9 т. ұстаныңыз.
«МАКАРОНЫ» бағдарламасы
Макарон өнімдерін, сосискі әзірлеуге, жұмыртқа пісіруге және т.б. кеңес беріледі. «МАКА-
РОНЫ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 8 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 1
минут орнату қадамымен 2 минуттан 20 минутқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады.
Әзірлеу бағдарламасының жұмыс істеу уақытының керісінше есептелуі су қайнаған соң
басталады. «Отложенный старт» функциясы осы бағдарламада қол жетімсіз. Табаққа су
құйыңыз. Судың деңгейі табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгісінен төмен болғанын
байқаңыз. «Автоматты бағдарламалар пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» та-
рауының 2-5 т., одан кейін 7 т. ұстаныңыз. Су қайнаған соң сигнал естіледі. Қақпақты
абайлап ашыңыз және азық-түлікті қайнаған суға салыңыз, қақпақты сыртыл естілгенше
жабыңыз. «Старт» түймешігін басыңыз. Орнатылған бағдарламаның орындалуы және
әзірлеу уақытының керісінше есептелуі басталады. Ары қарай «Автоматты бағдарламалар
пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 8-9 т. ұстаныңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Кейбір азықты әзірлегенде көбік қалыптасады. Оны табақтан
ықтимал ағызбау үшін азық қайнаған суға салынған соң бірнеше минуттан кейін
қақпақты ашуға болады.
«ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасы
Бұқтырылған ет, пісірілген сүтті әзірлеуге кеңес беріледі. «ТОМЛЕНИЕ» бағдарламасында
әдепкі әзірлеу уақыты 5 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен
1 сағаттан 8 сағатқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады.
«ВАРКА» бағдарламасы
Көкөністер мен бұршақтұқымдастарды әзірлеуге кеңес беріледі. «ВАРКА» бағдарлама-
сында әдепкі әзірлеу уақыты 40 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қада-
мымен 5 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта қолмен орнатуға болады.