![background image](/i/redmond/150589/redmond-rmk-m911/h/redmond-rmk-m911-034.png)
34
«ВЫПЕЧКА» бағдарламасы
Бағдарламада бисквит, пісірме, ашытылған және қатпарлы қамырдан пирогтар пісіруге
кеңес беріледі. «ВЫПЕЧКА» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды.
Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 20 минуттан 8 сағатқа дейінгі аралықта
қолмен орнатуға болады.
«КРУПЫ» бағдарламасы
Бағдарламаны әртүрлі жармадан үгілмелі ботқа пісіруге, әртүрлі гарнир әзірлеуге пайда-
ланылуға кеңес беріледі. «КРУПЫ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 35 минутты
құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейінгі аралықта
қолмен орнатуға болады.
«ПЛОВ» бағдарламасы
Бағдарлама палаудың әр түрін әзірлеуге кеңес беріледі. «ПЛОВ» бағдарламасында әдеп-
кі әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен 20
минуттан 1 сағат 30 минутқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ЙОГУРТ» бағдарламасы
«ЙОГУРТ» бағдарламасының көмегімен сіз әртүрлі дәмді және пайдалы йогурттерді
үйіңізде әзірлей аласыз. «ЙОГУРТ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 8 сағатты
құрайды. Әзірлеу уақытын 10 минут орнату қадамымен 6 сағаттан 12 сағатқа дейін
аралықта қолмен орнатуға болады. «ЙОГУРТ» бағдарламасында автоқыздыру функциясы
қол жетімсіз.
«ПИЦЦА» бағдарламасы
Бағдарлама пицца әзірлеуге кеңес беріледі. «ПИЦЦА» бағдарламасында әдепкі әзірлеу
уақыты 25 минутты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату қадамымен 20 минуттан
1 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ХЛЕБ» бағдарламасы
Бағдарлама бидай ұнынан және қара бидай ұнын қосып әртүрлі нан түрлерін пісіруге
кеңес беріледі. «ХЛЕБ» бағдарламасында әдепкі әзірлеу уақыты 3 сағатты құрайды (бағдар-
лама жұмыс істеудің бірінші сағаты ішінде қамыр тынады, одан кейін піседі). Әзірлеу
уақытын 10 минут орнату қадамымен 1 сағаттан 6 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға
болады.
Сіз таңдаған рецептідегі кеңестерді ұстанып, қамырды илеңіз. Қамырды табаққа салыңыз.
Табақты мультиасүйдің корпусына орнатыңыз. Барлық құрамдастар табақтың ішкі бетін-
дегі 1/2 белгісінен төмен болғанын байқаңыз. Ары қарай «Автоматты бағдарламалар
пайдаланылғандағы жалпы әрекеттер тәртібі» тарауының 2-9 т. ұстаныңыз. Пісіру үдерісі
толық аяқталғанша мультиасуй қақпағын ашпаңыз.
«ХЛЕБ» бағдарламасында автоқыздыру функциясы қол жетімсіз. «Отложенный старт»
функциясын пайдалануға кеңес берілмейді, өйткені бұл пісіру сапасына әсер етуі мүмкін.
«ДЕСЕРТЫ» бағдарламасы
Бағдарлама жеміс-жидектен түрлі десерттер әзірлеуге кеңес беріледі. «ДЕСЕРТЫ» бағдар-
ламасында әдепкі әзірлеу уақыты 1 сағатты құрайды. Әзірлеу уақытын 5 минут орнату
қадамымен 5 минуттан 4 сағатқа дейін аралықта қолмен орнатуға болады.
«ЭКСПРЕСС» бағдарламасы
Күріш, жармадан үгілмелі ботқа әзірлеуге кеңес беріледі. Осы бағдарламада әзірлеу
уақытын реттеу мен «Отложенный старт» функциясы қол жетімсіз. Бағдарлама жұмысының
уақыты 30 минут құрайды.
III. АСПАПТЫ КҮТУДІ
Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажырағанына және толық суығанына көз
жеткізіңіз.
Жұмсақ мата мен абразивті емес ыдыс жуатын құралдарды пайдаланыңыз. Аспапты
пайдаланған соң бірден тазалауға кеңес береміз.
Аспапты тазалағанда қатты майлықты немесе губканы, абразивті пастаны пайда
-
лануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Сонымен қатар, кез келген химиялық агрессивті немесе
асқа тиетін заттар үшін қолдануға кеңес берілмеген басқа заттарды пайдалануға
болмайды.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағыны астына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Бірінші рет пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң бөтен иісті кетіру үшін жарты
лимонды «НА ПАРУ» бағдарламасында 15 минуттың ішінде өңдеуге кеңес береміз.
Табақты ыдыс жуатын машинада жууға болады. Табақ тазаланып біткен соң оның сыртқы
бетін құрғатып сүртіңіз.
Ішкі алюминий қақпақты әр пайдаланған сайын тазалау керек. Ішкі алюминий қақпақты
аспапты әр пайдаланған сайын тазалау керек. Мультиасуй қақпағын ашыңыз, қақпақтың
ішкі жағынан 2 пластмассалық бекіткішті ортаға қарай бір мезгілде ашылғанша басыңыз.
Алюминий қақпақты негізгіден бөлінуі үшін өзіңізге қарай және жоғары аздап тартыңыз.
Екі қақпақтың беттерін ылғал матамен сүртіңіз, қажет болғанда оларды ыдыс жуу құрал-
дарын пайдаланып, жуыңыз. Кері бірізділікте жинаңыз (алюминий қақпақты жоғарғы
қуыстарға салыңыз және негізгі қақпақпен келтіріңіз, қақпақты бекітіп, бекіткіштерді
сыртыл естілгенше басыңыз.
Бу клапанын аспапты әр пайдаланған сайын тазалау керек. Шешілген қақпақтың ішінде
бу клапаны бекіткішін сағат тілімен тірелгенше бұрыңыз. Оны шешіңіз. Клапан резинасын
бекіткіштен мұқият шығарыңыз, клапан, бекіткіш пен қақпақты мұқият жуыңыз.
Клапан резинасын майыстырмау үшін оны бұрауға, тартуға тыйым салынады. Клапанды
керісінше тәртіппен жинаңыз
A4
.