орнатыңыз (механикалық тартқыш
құрылғы).
• Құрылғыны ұзақ уақыт қарқынды
пайдаланған кезде, ас бөлмені көбірек
желдету (мысалы, терезені ашу немесе
механикалық желдеткіш бар болса,
деңгейін көтеру) керек.
Пайдалану
• Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін
ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
коммерциялық немесе өндірістік
мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам
жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін қажет.
• Жұмыс барысында құрылғыны үнемі
қадағалап отырыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін,
әрқашан құрылғыдан алыс тұрып
ашыңыз. Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп
қалу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса
пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен
іске пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру
алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Пісіру алаңына темір заттарды, мысалы
ас құралдары мен кәстрөл қақпақтарын
қоймаңыз, себебі олар қызып кетеді.
• Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші
ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-
жарақтары мен кәстрөлдерді алып-
салған кезде қолғап киіңіз.
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа
мен алкоголь қоспасы пайда болуы
мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық
отты құрылғыға жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
• Пісіру алаңын қолданып болғаннан кейін
әрқашан "off" (сөндіру) қалпына
қойыңыз.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.
• Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және пештің
үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
• Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын
қоймаңыз, себебі қызудың әсерінен
құрылғы бүлінуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп
алмас үшін, керек-жарақтарды алып-
салғанда абай болыңыз.
• Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты әрі-
бері сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат
түсуі мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– құрылғының табанына ешбір затты
тура қоймаңыз және оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
– құрылғының ішіне ыстық суды тура
қоймаңыз;
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш
заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға
төзімді заттарды (егер болса) ғана
қойыңыз.
• Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін ала
орналасқан (егер бар болса).
4