Өте маңызды! Оттықты электр құралын
қолданбай жағуға болады (мысалы, ас
үйде электр қуаты болмаған кезде). Ол
үшін, жалынды оттыққа жақын әкеліп, тиісті
басқару түймешесін басыңыз да, оны сағат
тілінің бағытына қарсы ең көп газ шығару
қалпына бұраңыз.
Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,
басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа
бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін
оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.
Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат
үзілісінен кейін электр қуатын қосқан
кезде, тұтату генераторы өздігінен іске
қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
Оттықты сөндіру
Отты сөндіру үшін түймешені мына белгіге
бұраңыз: .
Назарыңызда болсын! Кәстрөлдерді
оттықтан алардан бұрын отты
азайтыңыз немесе сөндіріп қойыңыз.
Пештің үсті - Пайдалы ақыл-кеңес
Қуат үнемдеу
• Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін
табалар мен кәстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық
Тамақ пісіретін ыдыстың
диаметрі
Жылдам
160 мм - 280 мм
Оттық
Тамақ пісіретін ыдыстың
диаметрі
Жартылай
жылдам
140 мм - 240 мм
Қосымша
120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
Пештің үсті - Күтіп ұстау және тазалау
Назарыңызда болсын! "Қауіпсіздік
туралы мағлұматтар" тарауын
қараңыз.
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалардан бұрын оны сөндіріңіз де,
суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары қысыммен
тазалағыш құралдармен тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны бүлдіруі
мүмкін.
• Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы
мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын
сумен жуыңыз.
• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен
жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен
құрғатыңыз.
• Таба тағандары ыдыс жуғыш машинаға
жарамайды ; оларды қолмен жуу керек.
• Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.
• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
8