ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
Жуылатын кірді сұрыптау
Әр киімнің затбелгісіндегі жуу
белгішелерін қарап, өндірушінің жууға
қатысты нұсқауларын орындаңыз.
Киімді төмендегідей сұрыптаңыз: ақ,
түрлі-түсті, синтетика, нәзік мата, жүн
тоқыма.
Кір салардың алдында
Өте маңызды! Кірде ешбір темір заттың
қалып қоймауын қадағалаңыз (мысалы,
шаш қыстырғыш, қауіпсіздік түйреуіші,
түйреуіштер). Жастық қаптарының
түймесін салып, тартпаларды тартып
жауып, ілгектер мен батырма
түймешіктерді салыңыз. Белбеу не ұзын
таспалар болса оларды байлаңыз.
Ілмектерді алыңыз (мысалы, перденің).
• Ақ және түрлі-түсті киімдерді
ешқашан бірге жумаңыз. Ақ киімнің
«ақтығы» жуу барысында бозарып
қалуы мүмкін.
• Жаңа түрлі-түсті киімді алғаш жуғанда
бояуы шығуы мүмкін; сондықан да
оларды алғаш жуғанда жеке жуу керек.
• Дақтанған жерлердің бір өзін арнайы
жуғышпен не жуғыш қоймалжыңмен
ысқылап сүртіңіз.
• Перделерді ерекше баппен
тазалаңыз.
• Нәски, қолғаптарды қалта немесе
торға салып жуыңыз.
Оңай арылмайтын дақтарды жумай
тұрып тазалаңыз:
Қан: жаңа түскен дақты суық сумен
жуып алыңыз. Кеуіп кеткен дақтарды
арнайы жуғыш зат салынған суға салып
түні бойы жібітіңіз де, содан кейін
сабынды суға салып ысқылаңыз.
Майлы бояудан қалған дақ: : дақ
кетіргіш бензинмен жібітіңіз де, киімді
жұмсақ матаның үстіне қойып, дақты
бірнеше рет сіңіріп алыңыз.
Кеуіп қалған май дақтары : скипидармен
жібітіңіз де, киімді жұмсақ заттың үстіне
қойып, мақтадан жасалған матаны
даққа қойып, оны саусағыңыздың
ұшымен басып сіңіріп алыңыз.
Тот: : ыстық суға ерітілген шавель
қышқылы не суықтай пайдаланылатын
тот кетіргіш зат. Көнерген тот дақтарын
тазалағанда абай болыңыз, себебі
талшық құрылымына әлдеқашан нұқсан
келгендіктен мата тесіліп кетуге бейім
тұрады.
Зең дақтары : ағартқышпен сүртіңіз де,
мұқият шайыңыз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шөп нілі : аздап ғана сабындап,
ағартқышпен сүртіңіз (ақ не бояуы берік
киімдер үшін ғана).
Шарикті қаламсап не желім дағы :
ацетонмен жібітіңіз
2)
, киімді жұмсақ
матаның үстіне қойып, дақты сіңіріп
алыңыз.
Далап : жоғарғыдағыдай ацетонмен
жібітіңіз де, содан кейін этил спиртімен
сүртіңіз. Кез келген қалып қойған дақты
ағартқышпен сүртіңіз.
Қызыл шарап : жуғыш зат салынған суға
жібітіңіз де, сірке не лимон
қышқылымен сүртіңіз, содан соң
шайыңыз. Кез келген қалып қойған
дақты ағартқышпен сүртіңіз.
Сия : сияның түріне қарай алдымен
матаны ацетонмен
2)
, содан соң сірке
қышқылымен жібітіп алыңыз; ақ матада
қалып қойған кез келген дақты
ағартқышпен сүртіңіз де, соңынан
мұқият шайыңыз.
Шайыр дақтары : алдымен дақ
кетіргішпен, этил спиртімен не
бензинмен сүртіңіз, содан кейін жуғыш
қоймалжыңмен ысқылаңыз.
Есіктің тұтқасынан еппен тартып
ашыңыз.
Кірді салыңыз
Кірді барабанға бір-бірлеп, барынша
сілки отырып салыңыз.
2) жасанды жібекті тазалауға ацетонды пайдаланбаңыз.
12 electrolux