Су құюға қатысты
ақаулық
Су құятын шүмек жабық.
• Су құятын шүмекті ашыңыз.
Су құятын түтік бұратылып немесе жаншылып қалған.
• Су құятын түтіктің қосылымын тексеріңіз.
Су құятын түтіктегі немесе оның клапанындағы сүзгі
бітеліп қалған
• Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалаңыз (қосымша
ақпаратты "Су құятын түтіктегі сүзгілерді тазалау"
тарауынан қараңыз).
Су төгуге қатысты
ақаулық
Су төгетін түтік қысылып немесе бұратылып қалған.
• Суды төгетін түтік қосылымын тексеріңіз.
Су төгетін түтіктегі сүзгі бітеліп қалған.
Егер құрылғы суды төкпестен жұмысын тоқтатса, әуелі
суды төтенше төгуді іске асырыңыз:
• бағдарлама таңдау тетігін қалпына қойыңыз;
• құрылғыны тоқтан ажыратыңыз;
• судың шүмегін жабыңыз;
• қажет болса, су суығанша күтіңіз;
• су төгетін түтікті артқы тіреуінен ағытып алыңыз да
("Мұз қатуға қарсы сақтық шаралары" тарауын қараңыз),
оны раковинадан немесе төлкеден шешіп алыңыз;
• оны еденді бойлата қойыңыз;
• шараны еденге қойыңыз да, су төгетін түтіктің ұшын
шараға салыңыз. Су шараға гравитациялық екпінмен
ағып құйылады. Шара толған кезде босатыңыз. Бұл
әрекетті су ақпай қалғанша қайталаңыз;
• су төгетін түтікті артқы тіреуіне бұраңыз да, оны орнына
салыңыз;
• есігін ашыңыз да, кірді алыңыз;
• "Су төгетін түтіктегі сүзгіні тазалау" тарауында
суреттелгендей, су төгетін сүзгіні тазалаңыз;
• тазалап болғаннан кейін есікті жауып, электр ашасын
қайтадан сұғыңыз;
• енді құрылғының жұмыс істейтінін тексеру үшін су төгу
бағдарламасын іске қосыңыз.
Есік ашық
Есік жабылмаған немесе дұрыс жабылмаған.
• Есікті нығыздап жабыңыз.
Құрылғы іске қосылмайды немесе
ешқандай белгі берместен, жұмыс істеп
тұрып тоқтап қалады.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласпас бұрын төмендегілерді
тексеріңіз.
electrolux 29