6
Кешіктіріп бастау
Бағдарламаны осы түймешік арқылы 30 мин.- 60
мин. - 90 мин., 2 сағат, содан соң 1 сағаттан қоса
отырып, ең көбі 20 сағатқа дейін кешіктіруге болады.
Бағдарламаны бастамай тұрып, оны кешіктіріп
бастағыңыз келсе, қажетті кешіктіріп бастау
уақытын таңдау үшін осы түймешікті басыңыз.
Таңдалған кешіктіріп бастау уақытының мәні
бейнебетте бірнеше секунд көрсетіледі де,
бағдарлама ұзақтығы қайтадан пайда болады.
Бұл функцияны бағдарламаны орнатып болғаннан
кейін, оны бастамай тұрып таңдаңыз.
Кешіктіріп бастау уақытын кез келген уақытта, 8
түймешігін баспай тұрып біржола тоқтатуға немесе
өзгертуге болады.
Кешіктіріп бастау параметрін таңдау:
• Бағдарлама мен қажетті параметрлерді таңдаңыз.
• Кешіктіріп бастау функциясын 6 түймешігін басып
таңдаңыз.
• 8 түймешігін басыңыз:
– құрылғы сағат санап кемитін кері санақты
бастайды.
– бағдарлама таңдалған кешіктіріп бастау уақыты
аяқталған соң басталады.
Бағдарламаны бастағаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын болдырмау:
• Құрылғыны ҮЗІЛІС параметріне 8 түймешігін
басып қойыңыз.
• 6 түймешігін бір рет басыңыз. Бейнебетте '
көрсетіледі.
• Бағдарламаны бастау үшін 8 түймешігін қайтадан
басыңыз.
• Таңдалған кешіктіріп бастау уақытын, жуу
бағдарламасын қайта таңдағаннан кейін ғана
өзгертуге болады.
• Есік кешіктіріп бастау уақыты аяқталғанша
құлыптаулы тұрады. Есікті ашу керек болса,
алдымен 8 түймешігін басу арқылы
құрылғыны ҮЗІЛІС параметріне қойып,
бірнеше минут өткеннен кейін есікті ашыңыз.
Есікті жапқан соң сол түймешікті қайтадан
басыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясын су төгу
бағдарламасымен бірге таңдау мүмкін емес .
electrolux 19