Жоғарыда көрсетілген
жағдайлардың барлығында бөлгішті
"ЖОҒАРЫ" қалпына қойыңыз.
Мата жұмсартқышты өлшеп алыңыз.
Мата жұмсартқышты немесе басқа
қоспаларды арқылы белгіленген
бөлікке салыңыз (суырманың «MAX»
таңбасынан асырмаңыз). Егер
қоспаларды қолдансаңыз, оларды
үлестіргіштердегі тиісті бөліктерге, жуу
бағдарламасын бастардың сәл
алдында ғана салыңыз.
Жуғыш зат үлестіргішінің суырмасын
жабыңыз
Жуу бағдарламасын орнатыңыз
Басқару панелі жуу бағдарламаларын және басқа параметрлерді таңдауға
мүмкіндік береді.
Параметр түймешігін басқанда, тиісті индикатор шам жанады. Әйтпесе ол
сөндірулі болады.
Жуу бағдарламалары мен параметрлердің сыйысымдылығы туралы
ақпаратты «Жуу бағдарламалары» тарауынан қараңыз. Қате параметр
таңдалса 8 түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет жыпылықтап, бейнебетте
Err жазуы көрсетіледі.
7
6
8
1
2
3
4
5
1
Бағдарлама таңдау
тетігі
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті бағдарламаға
бұрап қойыңыз. Таңдау тетігін сағат тілінің бағыты
бойынша не сағат тілінің бағытына қарсы бұрауға
болады. 8 түймешігінің жасыл сигнал шамы
жыпылықтай бастайды: енді құрылғы қосулы.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, бағдарлама
таңдау тетігін басқа бағдарламаға қойсаңыз, 8
түймешігінің қызыл сигнал шамы 3 рет
жыпылықтайды да, бейнебетте Err жазуы пайда
болып, таңдаудың қате екенін білдіреді.
Құрылғы жаңадан таңдалған бағдарламаны
орындамайды.
16 electrolux