Су құятын түтік
• Түтікті шүмекке 3/4” резьбасы бар
тығырық арқылы жалғаңыз.
• Су шүмегінің қалай орналасқанына
байланысты, түтікті оңға не солға
қарай бұрыш жасатып қою үшін
дөңгелек тығырықты босатыңыз. Су
құятын түтікті төмен қаратып
қоймаңыз.
45°
35°
• Су құятын түтікті дұрыс
орналастырған соң су жылыстап ағып
кетпес үшін, шығырық тәрізді
тығырықты қатайтып бұрауды
ұмытпаңыз.
Су төгу
Қажет болса, пластик түтік
бағыттағышты қолданып су төгетін
түтіктің ұшын имектеңіз.
Су төгетін түтіктің ұшын төрт түрлі
жолмен орнатуға болады:
• Пластик түтік бағыттағышты
қолданып, раковинаның жиегінен
асырып салу.
Құрылғының суы төгіліп жатқанда су
төгетін түтік шығып кетпес үшін,
пластик түтік бағыттағышты шүмекке
баумен байлап қойыңыз.
• Раковина төлкесіне бекіту арқылы.
Су төгетін түтікті төлкеге қарай
итеріп, қапсырғышпен бекітіңіз,
раковинадағы жуынды су құрылғыға
кіріп кетпес үшін су төгетін түтік иіліп
тұрсын.
electrolux 9